AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

Оқиға 19.07.2021, 13:27 1,720
Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады
Сурет: Inform.kz

Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзғандарын түсінеді.


Қазақстандық полицейлер интернетте вакциналау паспорты мен ПТР-тест анықтамасын сататын 46 жарнаманы анықтап, бірнеше шетелдік ресурсты бұғаттауға жіберген, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz ҚазАқпарат cілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полицияның барлық бөлімшелерінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтерде, жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтап, пысықтап жатыр.



«Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады. Онда жалған вакцина паспорттары, оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамалар ақшаға ұсынылады. Аталған ресурстарда Ресей Федерациясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар бар», - дейді ІІМ өкілі.



Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, киберқылмыспен күрес орталығының мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемалардың қалай іске асатынын анықтаған.


Алаяқтар қармаққа ілінген азаматтарға вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Осыған алданған азаматтар 2 компоненттің анықтамасы үшін сұраған ақшаны аударып жібереді. Ақша түскен бойда жарнама иесі байланыс аясынан жоғалады. 



«Бірқатар жарияланымдарды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал «сатушылар» үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзғандарын түсінеді. Анықталған шетелдік ресурстарды Қазақстан аумағында бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қылмыстық процеске қатысудан аулақ болуға және мұндай әрекеттерден сақтандыруға шақырады», - дейді ведомствоның баспасөз өкілі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация #екпе #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика