Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көшпенділер ойыны / V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сат...

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылымы басталды

Көшпенділер ойыны 14.08.2024, 09:51 1,153
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылымы басталды
Сурет: Gov.kz

Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Билет құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

24.kz арнасы таратқан ақпаратқа сай, күзге салым өтетін әлемдік этноспорттың басты оқиғасына 89 елден 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Жарыстарға орташа билет құны 3600 теңгені құрайды. 

Қазақ күресі, алыш және көрәш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және билеттер 2500 теңгеден 7500 теңге аралығында болады.

Ал «Алау» мұзайдынында асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші бойынша жарыстар өтеді. Билет құны 1000-3000 теңге аралығында.

Көкпар, көк бөрі және бәйге бойынша тартысты жарыстар «Қазанат» ипподромында өтеді. Билет құны 2000-15000 теңге көлемінде болмақ.

Этноауылда жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, сондай-ақ алыптар сайысы жарыстарын көруге болады. Аталған спорт түрлері бойынша билеттер 1000теңгеден басталып, 2000 теңгеге дейін болады.

Көрермен көзайымына айналған дәстүрлі садақ ату спорты бойынша бәсекелер «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді. Билеттер құны 600 теңгеден басталып, 3000 теңгеге дейін барады.

Ал дәстүрлі зияткерлік ойындар саналған тоғызқұмалақ, мангала және овари жарыстары көрермендерсіз өтеді.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған. 50% жеңілдік мектеп оқушылары мен зейнеткерлер үшін қолжетімді. Ал 5 жасқа дейінгі балалар мен I және II топтағы мүгедектер билеттерді тегін ала алады. Билет құны Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты – 15000-50000 теңге

Қазақ күресі, алыш және көрәш – 2500-7500 теңге

Асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші – 1000-3000 теңге

Көкпар, көк бөрі және бәйге – 2000-15000 теңге

Жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, алыптар сайысы – 1000-2000 теңге

Дәстүрлі садақ ату – 600-3000 теңге  

Жеңілдіктер Мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге – 50% 5 жасқа дейінгі балалар мен І және ІІ топтағы мүгедектерге – тегін 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көшпенділер ойыны #билет #құны #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика