AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

Білім және ғылым 12.01.2023, 09:13 2,052
Үздіктер марапатталды
almaty-akshamy.kz

2023 жылғы 11 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Республикалық «Ғылым саласындағы сыйлық (атаулы премия) және мемлекеттік ғылыми стипендия» иегерлерін, Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы-2022», «Үздік ғылыми қызметкер-2022» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Аталған байқауларға қатысушылардың жетістіктері әр түрлі критерийлер бойынша бағаланды: электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау, жазба көруге болатын платформаларда ұсынылған сабақтардың сапасы, отандық және халықаралық рейтингтік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы, қорғау рәсімінен сәтті өткен докторанттардың жұмыстарына басшылық ету және т.б. 



Қос марапат иегерлері профессор Қ.Есенова («Үздік ғылыми қызметкер», мемлекеттік стипендия иегері) мен PhD Ш.Лайсхановқа («ЖОО үздік оқытушысы», талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегері); Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері Ж.Ішпекбаевқа, Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері, жетекші ғалымдар Ж.Хамзина мен С.Абишеваға, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері Э.Айтеноваға, А.Жунусбековаға, Э.Уайдуллақызына, сондай-ақ, «ЖОО үздік оқытушысы - 2022» байқауының жеңімпаздары О.Абишева мен А.Рысқанға университетіміздің абырой беделін көтеру жолындағы жемісті еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта бұдан да биік межені бағындыру жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.



Ғалымдарды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және еліміздің өркендеуі жолындағы ғылыми шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #үзіктер #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);