AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Утиль алым мөлшері қалай белгіленеді?

Утиль алым мөлшері қалай белгіленеді?

Нарық 20.01.2022, 04:15 6,325
Утиль алым мөлшері қалай белгіленеді?
Сурет: Іnform.kz

Бұдан былай кәдеге жарату алымын жинап, үйлестіру «Жасыл даму» акционерлік қоғамының құзырында болады


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мемлекеттік реттеушінің утиль алым мөлшерін қалай белгілейтіні туралы түсіндірме ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді. Соның аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметі «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды», - деп жазылған ресми түсіндірмеде.



Қазіргі таңда «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің иелігінде болған активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін «Жасыл даму» АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу сияқты операциялар іске асырылып жатыр.


«Жасыл даму» АҚ – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйым. Кәдеге жарату алымының коэффициенттерін төмендету мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады.


Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында жарияланады. Ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласқанымызда аталған жұмыс тобының құрамы әлі нақтыланбағанын айтты.


Бұл жұмыс тобы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып құрылмақ. Яғни, жұмыс тобы құрылмай тұрып, утиль алымның мөлшері туралы қандай да да бір болжам айтуға әлі ерте. Ал оған дейін кәдеге жарату алымы бұрынғы мөлшер бойынша төлену керек.



«Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл Даму» АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Утиль алым #мөлшер #үйлестіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);