AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ұлытауда төрт баланың анасы қаза тапты: туыстары ә...

Ұлытауда төрт баланың анасы қаза тапты: туыстары әділ тергеу талап етеді

Оқиға 09.04.2026, 11:03 211 Сұлу
Ұлытауда төрт баланың анасы қаза тапты: туыстары әділ тергеу талап етеді
gov.kz

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде төрт баланың анасы, 42 жастағы әйелдің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әйелдің 33 жастағы азаматтық некедегі жолдасы күдікті. Қайғылы оқиға күндіз, әйел өз дүкенінде болған. Жақындарының сөзінше, ер адам оған пышақпен шабуыл жасаған.

Қаза болған Әйгерімнің артында төрт баласы қалды. Туыстары оның еңбекқор, мейірімді жан болғанын айтады. Ол балаларын өзі асырап, кәсіп жүргізіп, бірнеше пәтерді тәулікке жалға беріп отырған. Сонымен қатар, ерекше күтімді қажет ететін қызының емімен де өзі айналысқан.

Марқұмның әпкесі Дананың сөзінше, Әйгерім азаматтық некедегі серігі тарапынан қысым мен зорлық-зомбылықты жиі көрген. Оның айтуынша, ер адам жұмыс істемеген, ішімдікке салынған және отбасында жанжал жиі болған. Туыстары бірнеше рет полицияға да жүгінгенін айтады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өзіне де зақым келтіруге әрекет жасаған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қаралып жатыр. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Емі аяқталған соң оны тергеу изоляторына ауыстыру жоспарланып отыр.

Туыстары балаларға қамқоршылық рәсімдеп, істің әділ тергелуіне қол жеткізуді көздеп отыр. Олардың айтуынша, кішкентай балалары анасының енді оралмайтынын әлі толық түсіне қоймаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлытау облысы #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);