AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Бізді де біле жүріңіз / Ұлылар ұя салған өлке

Ұлылар ұя салған өлке

Бізді де біле жүріңіз Бүгін 15:10 59 yakiya
Ұлылар ұя салған өлке
Мұхтар Әукен

Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Сағат Әшімбаев, Еркін Ібітанов, Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды ел тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған тұлғалардың кіндік қаны тамған киелі мекен – Райымбек ауданына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз-туры ұйымдастырылды, aqshamnews.kz тілшісі оған арнайы қатысып, ауыл азаматтарының тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаевтың айтуынша, бүгінде ауылдарда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген адамдар жоқ. Аудан тұрғындарының басым бөлігі шаруашылық жүргізіп, егін егіп, жеке кәсіппен айналысады. Туризм саласында да жаңа жобалар қолға алынып жатыр, ол жаңа жұмыс орындарының да ашылуына әсер етуде. Қазіргі таңда ауданда 66 мың ірі қара, 267 мың қой мен ешкі, 42 мың бас жылқы бар. 2316 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс атқарып жатыр. Райымбек ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы форумында түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстырды.

Солардың бірі – «Әшірақын Диас» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Кәсіпорын 2025 жылдан бері жұмыс істейді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 27 млн теңге несие алып, осы қаражатқа қора-жай салып, 3000 бас тауық сатып алған. Қазіргі таңда Райымбек, Кеген аудандарын экологиялық таза тауық етімен, сапасы жоғары жұмыртқамен қамтамасыз етуде.

Ал «Райымбек омарташылары» өндірістік кооперативі табиғи, қантсыз бал өнімін өндірумен айналысады. Қазіргі таңда онда 100-ден астам омарта бар. Балдан бөлек емдік қасиеті бар 15 түрлі өнім алынады. Болашақта омарта санын 500-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

- Ауданда ірі қара малды асылдандыру және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ірі қара мал тұқымын асылдандырумен 12 шаруа қожалық, ал асыл тұқымды ұсақ мүйізді мал өсірумен 6 шаруа қожалық айналысуда. Онда «Ангус», «Герефорд», «Қазақтың ақ бас сиыры», «Қалмақ» тұқымды ірі қара, сондай-ақ «Архар меринос» және «Иль-де-Франс» тұқымды қойлары өсіріліп жатыр, – деді Дастан Құдабаев.

 

Нарынқол картобынан чипсы жасалады

Райымбек ауданында іске қосылған маңызды жобалардың бірі – жергілікті картоптан тіскебасар жасау. «Алтын Дән-1» кооперативі қазіргі уақытта жаңбырлатып суару жүйесі арқылы 250 гектар алқапқа картоп еккен. Одан алынған өнім шикізат ретінде халықаралық PepsiCo компаниясына жеткізіліп, әйгілі брендтің қытырлақтары жасалады. Еске салайық, бүгінде халықаралық компания зауытының құрылысы жүріп жатыр. Ол ресми түрде ашылған соң, Нарынқол картобынан жасалған чипсы өнімдері дайындала бастайды. Жоспар бойынша бұл тіскебасарларды 2027 жылдан бастап дүкен сөрелерінде табуға болады.

Сондай-ақ өңірде алғаш рет кендір дақылын өсіру ісі қолға алынды. Жобаны жергілікті шаруалар Қытай инвесторларымен бірлесіп іске асыруда. Былтыр жер жырту жұмыстары жүргізілсе, биыл көктемде 250 гектар аумаққа аталған дақылдың тұқымы егілген. Алдағы уақытта жер аумағын 3000 гектарға дейін кеңейтіп, алынған өнімді өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, кендір – экологиялық таза, қайта өңдеуге бейім, адам денсаулығына пайдалы табиғи өнім. Оның тұқымынан май, косметикалық өнімдер мен мал азығы алынады. Ал сабағынан киім-кешек, тоқыма бұйымдары, қап және орау материалдары дайындалады.

Жаңа туристік бағыт

Кеген ауданы Көлсай, Қайыңды сынды туристік орындарымен, ал Ұйғыр ауданы ыстық суы бар демалыс орталықтарымен танымал. Көп уақыт бойы жауһар табиғаты бар Райымбек ауданы туризм бағытында көршілеріне қарағанда кенже қалғандай көрінді. Алайда қазір аудан әкімдігі Хан-Тәңірінің етегінде туризмді дамып, тек ішкі емес шетелдік туристерді тартуды жоспарлап отыр. Дастан Құдабаевтың айтуынша, шекаралық аймақтың статусын көтеріп, ел шетіндегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту – Мемлекет басшысының тікелей назарында. Осы орайда, аудан басшылығы туған өлкенің тұмса табиғатын бұзбай сақтай отырып, туризм әлеуетін жаңа деңгейге көтеруді қолға алды.

- Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі тек ауыл шаруашылығымен ғана шектелмейді. Бүгінгі жастардың бәрі бірдей тек егін егіп, картоп айдап немесе мал бағуға құлықты емес. Сондықтан табиғаты тұнып тұрған осы өлкеде туризм бағытын дамыту — уақыт талабы. Былтыр жалпы ұзындығы 94 шақырым болатын жол жөндеу жұмыстары басталып, жартысынан көбі жасалды. Республикалық маңызы бар жолдың қалған 24 шақырымы күз айына дейін толық аяқталады. Ішкі және облыстық жолдардың сапасы да көңіл көншітеді. Жалпы қазіргі таңда ауданда тіркелген 6 демалыс аймағы бар. Одан бөлек 200-ге жуық жергілікті кәсіпкер киіз үй тігіп, этнотуризмді дамыту бағытында жұмыс істеп жатыр, – деді ол.

Дастан Құдабаев Қытайдан келетін туристерге арналған арнайы маршруттар әзірленіп жатқанын да атап өтті. Бұл бастама қазір келіссөздер сатысында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Райымбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала береді: ұлттық стиль қазақстандық сәннің өзегіне айналды

Бүгін 15:13

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Бүгін 14:46

Мемлекет басшысы конституциялық және салалық бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 14:43

Алматы сән трендтерінің көшін бастап келеді

Бүгін 14:30

Шілдеде қанша күн демалыс бар?

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);