AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлттық табиғи парк аумағынан жалбыз терген азамат...

Ұлттық табиғи парк аумағынан жалбыз терген азамат айыппұл арқалады

Заң мен тəртіп 10.08.2026, 14:10 227
Ұлттық табиғи парк аумағынан жалбыз терген азамат айыппұл арқалады

Ұлттық саябаққа бару ережесіне сәйкес, жабайы өсімдіктерді өз бетінше жинауға және табиғи ортадан алуға тыйым салынған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы өсімдік жинаған адам анықталды. Ол арнайы рұқсатсыз шамамен 2,5-3 келі жалбыз жинаған.

Оқиға ұлттық саябақ аумағын патрульдеу кезінде анықталған. Қызметкерлер азаматтың дәрілік өсімдікті орман билеті және тиісті рұқсат құжатынсыз жинағанын анықтады.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда табиғи ресурстарды пайдаланудың арнайы тәртібі белгіленген.

Ұлттық саябаққа бару ережесіне сәйкес, жабайы өсімдіктерді өз бетінше жинауға және табиғи ортадан алуға тыйым салынған. Сонымен қатар мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында белгіленген тәртіпті сақтамай ағаш және шөптесін өсімдіктерді зақымдауға, жеміс-жидек пен тұқым жинауға болмайды.

“Мұндай шектеулер табиғи экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қорғау режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ұсталған азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 375-бабы 4-бөлігі (Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгіленген тәртібін бұзу) бойынша хаттама рәсімделіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Саябақ өкілдерінің айтуынша, келтірілген залал көлемі шамамен 10 мың теңге деп бағаланған. Ал құқық бұзушыға 129 750 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Бүгін 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Бүгін 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Бүгін 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Бүгін 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);