AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Мәдениет 31.03.2026, 16:34 231 Сұлу
Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы
"Алатау театры" ұсынған сурет

Қазақтың кең сахарасында сан ғасырдан бері үзілмей жалғасып келе жатқан жыраулық, термешілік дәстүр – ұлт руханиятының алтын діңгегі. Осы қасиетті өнердің бүгінгі жалғастырушысы, дәстүрлі ән мен жырдың қадір-қасиетін терең түсініп, оны жаңа буынға жеткізіп жүрген өнер иелерінің бірі – Уатқан Шаттық Құмарұлы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1994 жылдың 28 сәуірінде Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Санжы қаласында дүниеге келген Шаттықтың өнерге деген алғашқы қадамы ерте басталды. Балалық шағы туған өлкесінде басталып, 2004 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударумен жалғасты. Алматы облысы, Ескелді ауданы, Абай ауылына орныққан отбасының үмітін арқалаған жас дарын ауыл мектебінде білім ала жүріп, өнерге деген ерекше қабілетін таныта бастайды.

2006 жылы Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Өнер мектебіне» қабылданып, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбек Заманбекұлынан тәлім алады. Осы кезең Шаттықтың шығармашылық қалыптасуында маңызды белес болды. Республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, өнердегі алғашқы жетістіктерін көрсетті.

Өнер жолындағы білімін тереңдету мақсатында 2012 жылы Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түседі. Мұнда «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында Жетісу ән мектебінің қыр-сырын меңгеріп, ҚР Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржановадан дәріс алады. Студенттік жылдары халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып, өз шеберлігін шыңдай түседі.

2016 жылдан бастап Шаттық Құмарұлы Алматы қаласындағы «Алатау дәстүрлі өнер» театрында қызмет атқарып келеді. Театр ашылған күннен бастап осы өнер ордасында еңбек етіп, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігін, актерлік қырын қатар дамытты. Театрмен бірге өсіп, бірге шыңдалған өнер иесі бүгінде ұжымның белді мүшесіне айналды.

Ол тек әнші ғана емес, жыршы, термеші әрі актер ретінде де танылып келеді. Театр сахнасында қойылған түрлі музыкалық-танымдық, тарихи қойылымдарда әр алуан рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленді. «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклінде ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың жастық шағын бейнелеуі – оның актерлік қабілетінің жарқын дәлелі.

Шаттықтың өнер жолындағы жетістіктері де аз емес. Ол республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, Гран-при иегері. Әсіресе «Текті сөздің төресі – Терме» республикалық байқауындағы Бас жүлдесі мен «Шырқа даусым» дәстүрлі әншілер байқауындағы жеңісі – оның термешілік өнердегі биік деңгейін айқындайды.

Сонымен қатар, өнерпаз шетел сахналарында да қазақ өнерін насихаттап келеді. Германия, Түркия, Франция, Корея сынды елдерде өткен мәдени шараларға қатысып, ұлттық өнердің мәртебесін көтеруге өз үлесін қосуда.

Жыраулық пен термешілік – тек ән айту емес, ол – халықтың тарихын, тағдырын, философиясын жеткізетін рухани мектеп. Шаттық Құмарұлы осы мектептің заңды жалғастырушысы ретінде ұлттық өнердің қадірін терең түсініп, оны заманауи сахнамен ұштастырып келеді. Оның орындауындағы термелер мен жырлар тыңдаушыны ойландырып, ұлттық болмысқа қайта үңілуге жетелейді.

Бүгінде Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанған өнер иесі – тек өз жолын тапқан талант қана емес, қазақтың дәстүрлі өнерінің болашағына үлес қосып жүрген тұлға. Театр сахнасындағы еңбегі мен жыраулық өнердегі ізденісі – оның шығармашылық ғұмырының негізгі өзегі.

Ұлттық өнердің шамшырағын сөндірмей, оны жаңа белеске көтеру – осындай өнер иелерінің арқасында жүзеге асатыны сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);