Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Ұлттық өнер мен классика үндескен кеш

Ұлттық өнер мен классика үндескен кеш

Мәдени Алматы 17.09.2024, 08:52 1,501
Ұлттық өнер мен классика үндескен кеш
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясы

«Алматы қаласы күні» мерекесіне орай Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясында жетекші солистердің қатысуымен маусымашар концерті өтті.

Кештің шымылдығы филармонияның 89 жылдық тарихында қызмет еткен қазақ өнерінің майталмандары – Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Қали Жантілеуов, Мүсілім және Ришат Абдуллиндер, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова, Жүсіпбек Елебеков, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Майгүл Қазтуғанова сынды тұлғалардың есімдерімен аталып, ұлттық өнер тарихына шолумен басталды.

Концерттің алғашқы бөлімі әлемге әйгілі итальян композиторы Луиджи Боккеринидің виолончель мен фортепианоға арналған “Рондо” шығармасымен ашылды. Бұл туынды өз талғампаз стилімен кешті мәнді бастап берді. Кеште Халықаралық байқаулардың лауреаттары, филармонияның жетекші солистері Мұса Керімбаев, Әділ Несіпбаев, Гүлжан Өзенбаева, Динара Базарбаева-Сахаман, Еркебұлан Сапарбаев, Аида Аюпова сынды өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Көптен бері күткен маусымашар тыңдарманның ыстық ықыласымен басталып, алғашқы туындылардан-ақ гүл шоқтары мен қошеметке бөленді.

Филармонияның музыкалық саясаты – дәстүрлі қазақ музыкасы мен әлем классиктерінің шығармаларын насихаттау, осыған куә боларлықтай, сахнада халық аспаптарынан бастап, симфониялық шығармаларға дейінгі әртүрлі жанрлар орын алды. Кештің жалғасында қазақтың дәстүрлі ән-күйлері шырқалып, ұлы дала тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетілді.

Бағдарлама аясында Мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, сондай-ақ Халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Бәзілжан мен Жанқожа Аяпов дәстүрлі өнерді паш етіп, тыңдарманды тәнті етті. Концерт қазақ ән-күйімен аяқталып, көрерменнің ерекше ыстық ықыласына бөленді».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #филормония #маусым ашар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика