конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғы...

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Білім және ғылым Бүгін 15:47 51
Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты
Ұлттық ғылым академиясы

27 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай ғылым академиясының ынтымақтастығы аясында құрылған Center for One Health Research халықаралық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Халықаралық ғылыми орталықтың қызметі «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасы аясындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, микробиология, ветеринариялық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Қытай ғылым академиясының академигі Гао Фу, Чжэцзян университетінің вице-президенті, профессор Ли Сяомин, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғылыми ұйымдарының басшылары, ғалымдары және сарапшылары қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Қытай ғылым академиясының Микробиология институты, Чжэцзян университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) арасында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Қол қойылған меморандум бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды іске асыруға, ғалымдардың, профессор-оқытушылар құрамының және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік, микробиология және «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасын ілгерілету бағытындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қалайды.

Жаңа орталық озық ғылыми зерттеулер жүргізуге, Қазақстан мен Қытайдың бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» (One Health) жаһандық тұжырымдамасы аясында микробиология, жұқпалы аурулар, микробқа қарсы препараттарға төзімділік, азық-түлік және биологиялық қауіпсіздік салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық ғылыми платформаға айналады.

KazNARU базасында Center for One Health Research орталығының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми әріптестікті нығайтуда, халықаралық ғылыми-зерттеу байланыстарын кеңейтуде және адам, жануарлар мен қоршаған орта денсаулығына қатысты жаһандық сын-қатерлерге тиімді ғылыми шешімдер әзірлеуге бағытталған заманауи ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызды кезең болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ғылым академиясы #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16

Сайлауалды пікірталас: «Ақ жол» мен Respublica ашық тартысқа түсті

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);