Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ұлттық банк өз атынан әрекет ететін алаяқтар көбей...

Ұлттық банк өз атынан әрекет ететін алаяқтар көбейіп жатқанын ескертті

Оқиға 13.05.2022, 16:30 1,015
Ұлттық банк өз атынан әрекет ететін алаяқтар көбейіп жатқанын ескертті
Cурет: Ашық дереккөз

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді


Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай «бағдарламалардың» кейбірінде мобильдік қосымша да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, анықталған ресурстарда «Мемлекеттің алтын-валюта қорынан» немесе «Қазақстанның ұлттық ресурстарынан» түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған.


Сондай-ақ, Ұлттық банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.


Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:
• Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайды;
• Ұлттық банк «Мемлекеттік қорлардан» пайда табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
• Байланыс құралы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіркелген құқық белгілейтін құжаттар немесе тиісті лицензиялар көрсетілмеген (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының лицензиялары бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында «Қаржы нарығы» бөлімінде жарияланған).


Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.



«Ұлттық банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді»,-делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #алаяқтық #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі

Бүгін 08:47

Боран, көктайғақ, қар: елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:30

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Кеше 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Кеше 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Кеше 20:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика