AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды

Экономика 22.11.2024, 09:54 1,262
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Сурет: Zen.yandex.ru

Коллекциялық монеталар ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады. 

Ұлттық банк "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясынан Astana qalasynyn bas meshiti және "Сиқырлы нышандар" сериясынан Fatima qoly коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Astana qalasynyn bas meshiti монетасы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, ал Fatima qoly  28 қарашада айналысқа шығады.

Astana qalasynyn bas meshiti монетасы "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

Fatima qoly (Фатима қолы) монетасы – "Сиқырлы нышандар" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.

Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.

"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құб #Монета #Дизайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Кеше 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Кеше 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Кеше 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Кеше 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);