конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттың үнжариясына - 100 жыл

Ұлттың үнжариясына - 100 жыл

Мәдениет 29.09.2021, 08:34 1,904
Ұлттың үнжариясына - 100 жыл
Сурет: El.kz

Қазақтың радиосының тарихына - бір ғасыр!


Қазақ радиосының құрылғанына биыл – 100 жыл. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен республикалық радио тұңғыш рет 1921 жылы 1 қазанда Орынбор қаласынан хабар таратқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мерейтойға орай ақпарат құралының Алматы қаласындағы ғимаратында мемориалдық тақта ашылып, сол маңдағы аялдамаға «Қазақ радиосы» атауы берілді. Ғасыр бойы халықты таңмен бірге оятып, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан қарашаңырақта әр жылдары Әміре Қашаубаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әнуарбек Байжанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев, Ермек Серкебаев сынды біртуар тұлғалар қызмет етті. Солардың дауыстары мен шырқаған әндері «Алтын қорда» сақтаулы.



«Бүгін жүрекжарды қуаныш. Қазақ радиосы – ұлттың үні. Кешегіміз, бүгініміз, ертеңіміз – Қазақ радиосы. Қазақ радиосынан біздің түріміз көрінбесе де,  жүрегіміз көрінетін», - дейді Қазақ радиосының ардагері Қымбат Әбілдақызы.



100 жылда радионың бай мұрасы жинақталды. Жүз мыңдаған әдеби-сазды бағдарлама миллиондаған тыңдаушының көңілінен шықты. «Алтын қор» – радионың негізгі байлығы. Сол мол мұрағат сұрыпталып, цифрландырылып келеді.



«Қазақ радиосы – бүгінде бірлік пен келісімнің бірегей ұлтаралық моделінің көшбасшысы. Біздің радио орыс және қазақ тілдеріндегі этносаралық бағдарламаларымызды Германияда, Швейцарияда, Австрияда, Қазанда, Әзірбайжанда, Үрімшіде тыңдайды. Сонымен қатар бізге жылы лебіздерін де жіберіп отырады. Сондықтан біздің радио барлық жағдайда аңызға айналған деп есептеймін», - дейді  «Мосты» неміс бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Жандильдина.



Мерейтойлық шара барысында Алматыдағы Ұлттық кітапханада радионың тарихына арналған көрме ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ радиосы #Мерейтой #үнжария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Бүгін 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Бүгін 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);