Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Ұлттарымызға ортақ құндылықты бірге насихаттау ке...

"Ұлттарымызға ортақ құндылықты бірге насихаттау керек" - Ахмет Түзүн

Барлығы 18.11.2025, 12:37 262
"Ұлттарымызға ортақ құндылықты бірге насихаттау керек" - Ахмет Түзүн
facebook.com/Naziya Zhoyamergenkızı

Ахмет Түзүн өз баяндамасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі орасан екенін атап өтті. Оның айтуынша, түркі халықтарының дәстүрлі киімдері мен қолөнері сөзбен айтып жеткізгісіз бай мұра. 

"Мына жерде тұрған ұлттық киімдерімізге қараңыздаршы, оларды сипаттауға сөз жетпейді. Олардың артында тұтас бір мәдениет, ғасырлық дәстүр жатыр," - деді ол.

Спикер түркі халықтарына ортақ әйелдердің ұлттық бас киімдерінің алуан түрлілігіне ерекше тоқталды. Әр бас киім жеке бір тарих, жеке бір күрес жолы. Ахмет Түзүннің пікірінше, Түркі дүниесінің Мәдениет фестивальдері қатарында міндетті түрде ортақ Түркі Әлемі Музыка Фестивалі өткізілуге тиіс.

"Жас дарындарды танытатын, тіпті әлемдік деңгейдегі өнерпаздар шығатын үлкен мәдени алаң жасауымыз керек," - деді ол.

Сонымен бірге ол мәдениетпен сабақтас халықаралық спорт іс-шараларының да маңызын атап өтті. Венгрияда екі жылда бір өтетін Тұран Құрылтайы, әлемнің түкпір-түкпірінен түркі халықтарын жинайтын бірегей оқиға. Моңғолиядағы Наадам фестивалі, Түрікменстандағы Ақ Байрам, Якутиядағы Ысыах мейрамы, Татарстандағы Сабантуй, Түркиядағы 666 жылдық тарихы бар Kırk Pınar күрес сайыстары - мұның бәрі түркі мәдениетінің қуатын көрсететін іс-шаралар.

Ахмет Түзүннің айтуынша, түркі халықтарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі өз мәдени мұрасын терең танып, оны әлемге таныта білу.

"Біздің елдерімізге келетін шетелдіктер тек спорт немесе өнер үшін ғана емес, тұтас мәдениетті,тарихымызды, дәстүрімізді, рухани мұрамызды көру үшін келуі керек," - деді спикер.

Оның бұл ойлары форум қатысушыларына түркі дүниесінің бай мәдени әлеуетін паш етіп, осы мұраның жаһандық деңгейде насихатталуы қаншалықты маңызды екенінен хабардар етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркітілдес журналистер қоры #Түркітілдес журналистер медиа форумы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі