AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұланның офицері үш дүркін Азия чемпионы атанды

Ұланның офицері үш дүркін Азия чемпионы атанды

Спорт 14.04.2024, 12:12 1,195
Ұланның офицері үш дүркін Азия чемпионы атанды
Сурет: Polisia.kz

Ол финалда өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.


ҚР Ұлттық ұланының Спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшісі Азамат Дәулетбеков еркін күрестен 2024 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков Қырғыз Республикасының астанасында өтіп жатқан байрақты бәсекеде 86 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. ҚР ІІМ ҰҰ офицері финалда өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.



«Бұл менің сары құрлық чемпионатында қатарынан алған үшінші алтын жүлдем. Жыл сайын өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап, өз деңгейімді арттыруға күш салып келемін. Осы ретте маған қолдау білдірген және сенім артқан бапкерлерім мың алғыс. Сондай-ақ осындай додада бақ сынауға мүмкіндік жасаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына айтар алғысым шексіз», деді Азамат Дәулетбеков.



Ұлттық құрама көшбасшысы финалдық кездесулерге дейін, яғни күндізгі сессияда ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, одан кейін жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді 11:0 есебімен таза жеңген болатын.


Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады. Еркін күрес шеберлері арасынан алтын жүлдені Ұлттық ұлан офицері Азамат Дәулетбеков иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлан #Финал #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Бүгін 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);