ffin.kz

Үкіметтің Ұлттық қордан алған қаражаты түсімнен асып кеткен

Үкіметтің Ұлттық қордан алған қаражаты түсімнен асып кеткен Сурет: Gov.kz

Мұндайда Ұлттық қор қаражатын көбейтетін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Парламентке 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Байбазаровтың айтуынша, заң жобасы Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленген. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.

«Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын, 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беред»і, – дейді Байбазаров.

Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнайға жатпайтын тапшылықтың жоғары күйінде қалғанын, жалпы тапшылықты жабу үшін бюджет – Ұлттық қордың трансферттеріне сүйенетінін айтады.

«Ұлттық қорға қаражаттың түсуі мен оны алуда – баланс теріс. Яғни, алынған қаражат оның түсімінен асып кетіп отыр. Мұндай жағдайда, Ұлттық қор қаражатын көбейтетін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс. Ол биыл тоғыз айда 10,27% немесе 6,16 млрд доллар болды. Тек осының арқасында Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ке өсіп, 62,7 млрд долларға жетті. Жалпы алғанда, биыл Ұлттық қордан берілетін тікелей трансферттер көлемі 5,6 трлн теңгені құрады. Осыған ұқсас деңгей, яғни 5,3 трлн теңге келер жылдың бюджетінде қарастырылды», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:15

19:44

19:17

18:45

18:09

17:15

17:06

16:49

16:26

16:15

16:12

15:51

15:35

15:13

14:11

14:10

12:59

12:57

12:39

12:37

12:16

11:59

11:39

11:26

11:11