Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Үкімет басшысы әкімдіктер жұмысын сынға алды

Үкімет басшысы әкімдіктер жұмысын сынға алды

Билік 07.02.2023, 05:35 1,439
Үкімет басшысы әкімдіктер жұмысын сынға алды
Сурет: Primeminister.kz

Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мәселелері айтылды.


Оның барысында Премьер-Министр аталған бағыттағы жергілікті әкімдердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Биылғы міндет – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 9,5 пайыздан асырмау. Премьердің айтуынша, бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірлердің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін жергілікті атқару органдарының белсенді жұмысы қажет. 



«Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар. Біз өткен жылғы егіннен қажетті қор жинап алдық. Сондықтан белгіленген баға бойынша көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп келе жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз. Жергілікті жерлерде аталған мәселелерге салғырт қараудың кесірінен бағаның өсуі тоқтайтын емес», - деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңірлерге пияз бойынша келісімшарт жасау тапсырылғанын және әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет бізге баяндағанын айта келіп: «Ендеше пияз бағасы неге қымбаттап бара жатыр?» деген заңды сауал қойды. Елімізде пияз көп өседі. Алайда Үкімет бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр. 



«Тағы да қайталап айтамын, азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», - деді Ә.Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет басшысы #әкімдіктер #сын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика