Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҰБТ өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Білім және ғылым 04.07.2025, 15:05 1,242
ҰБТ өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Сурет: Gov.kz

Электрондық форматтағы ҰБТ өткізу мерзімдері белгіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш берген, бірақ тестілеуге қатыспаған, сондай-ақ өтініш беру кезеңінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш бермеген талапкерлерге тестілеу күндері аудиторияда бос орын болған жағдайда (қағаз форматтағы тестілеу үшін тиісті тестілеу тілінде) келесі негізді себептер бойынша ҰБТ-ға қайта тіркеліп, бір күнде қатысу мүмкіндігі беріледі:

денсаулық жағдайы бойынша №026/у нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы немесе амбулаториялық картаның не ауру тарихының көшірмесі болған жағдайда, ол тестілеу күнімен сәйкес келуі тиіс;
жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған жағдайда;
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) байқауларына, орындаушылар байқауларына, кәсіптік шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда;
төтенше жағдайлар болған жағдайда.
Қағаз форматындағы ҰБТ-да талапкер тиісті құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік комиссия төрағасының атына қайта тестілеуге өтініш береді.

Электрондық форматтағы ҰБТ-да талапкер Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына өтініш береді.

Сонымен қатар, электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:

1) 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында:

жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып бітірушілері – өз қалауы бойынша жоғары оқу орындарына (ЖОО) ақылы негізде қабылдану үшін;
алдыңғы жылдардағы мектеп түлектері, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері – республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатынан білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу немесе ақылы негізде ЖОО-ға қабылдану үшін;
шетелде оқыған мектеп түлектері, сондай-ақ шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері – жоғарыдағы мақсаттар үшін;
күндізгі бөлімде ақылы негізде оқуға қабылданған, бірақ ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін немесе ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер – сол жылы қайтадан ақылы негізде ЖОО-ға қабылдану үшін;
шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша оқитын және басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетін студенттер – ақылы негізде;
педагогикалық ғылымдар саласына ауысқысы келетін студенттер – ақылы негізде.

2) 1 наурыз – 6 сәуір аралығында:

жоғарыда көрсетілген тұлғалар үшін, сондай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы немесе грант негізінде түсу мақсатында.

3) 10 мамыр – 10 шілде аралығында:

осы жылғы мектеп бітірушілер – грант конкурсына қатысу, ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу үшін;
алдыңғы жылдардағы мектеп түлектері, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері – жоғарыдағы мақсаттар үшін;
қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша түсетін колледж түлектері – грант конкурсына қатысу үшін;
шетелде оқыған мектеп түлектері және шетелде білім алған қазақ ұлтының өкілдері – жоғарыдағы мақсаттар үшін;
ақылы бөлімде күндізгі оқу нысанында оқуға қабылданған, бірақ шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін немесе ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер – сол жылы қайтадан ақылы негізде ЖОО-ға қабылдану үшін.
Бұл мерзімде ҰБТ тапсырған тұлғалар үшін бейіндік пәндерді өзгертуге жол берілмейді.
4) 10 – 20 тамыз аралығында:

осы жылғы мектеп бітірушілер мен алдыңғы жылдардағы мектеп немесе колледж түлектері – жоғарыдағы мақсаттар үшін;
шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларынан басқа бағдарламаларға ауысқысы келетін студенттер – ақылы негізде;
педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер – ақылы негізде.
Сонымен қатар, егер халықаралық немесе шетелдік оқу орындары (немесе олардың филиалдары) Quacquarelli Symonds, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education халықаралық академиялық рейтингтерінің ТОП-250-на және/немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен БРИКС елдерінің ұлттық рейтингтерінің ТОП-100-на кірсе, онда 1 және 2-тармақтарда көрсетілген мерзімдерде өткізілген ҰБТ нәтижелері республикалық бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін жарамды болып табылады.

Бұйрық 2025 жылғы 3 шілдеден бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика