конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуі іске қ...

ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуі іске қосылды

Білім және ғылым 20.04.2022, 11:13 1,796
ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуі іске қосылды
Сурет: Bugin.kz

БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуін іске қосты.


Тестілеуді орталықтың сайтынан сілтемесі арқылы онлайн режимінде өтуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



Ол үшін тестіленуші алдымен ЖСН енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, сынаққа қатыса алады.


Сынақ тестілеуі талапкерлерге тестілеуге дайындығын жақсартуға және қандай тақырыптарды тереңірек зерделеу керегін түсінуге көмектесу үшін жасалған.



«Министрлік тек тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан талапкерлерге ыңғайлы болу мақсатында біз ҰБТ-ға дайындалу үшін онлайн сынақ тестілеуді іске қостық. Бұл жүйе барлық талапкерге тегін негізде қолжетімді. Сынақ тестілеуінен өту кезінде талапкер тест тапсырмаларымен танысуға және таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы жағдай жасалып отыр. Оларға ҰБТ тапсыру кезінде қосымша 40 минут қосылды. Одан бөлек, биыл ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін алғаш рет суретсіз, сызбасыз және диаграммасыз тапсырмалар әзірленді», - деп айтты БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Биылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңалығы және балалардың өз білімін шыңдауына үлкен мүмкіндік – әр пәнге жеке тақырыптық талдау жүргізу. Сондай-ақ ҰТО ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн сабақтардың санын көбейтті. Сонымен қатар былтырдан бастап талапкерлерге калькулятор, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етілді.


Онлайн сынақ тестілеуі Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Сынақ тестілеу технологиясы негізгі тестілеуге сәйкес келеді, яғни педагогтер 2 блок бойынша тест тапсырады. Оның көмегімен мұғалімдер өздерінің біліктілік деңгейлерін тексеріп, негізгі біліктілік сынағына дайындала алады. Мұғалімдер ҰТО сайтында prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #дайындалу #тегін сынақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);