конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-дан 50 балл жинаған талапкерлер әскери институ...

ҰБТ-дан 50 балл жинаған талапкерлер әскери институтқа түсе алады

Білім және ғылым Бүгін 11:55 38 Сұлу
ҰБТ-дан 50 балл жинаған талапкерлер әскери институтқа түсе алады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтына 31 шілдеге дейін құжат тапсыруға болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтында оқуға құжат қабылдап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында институт бастығының орынбасары, полковник Ойрат Атыкенов оқуға түсудің қағидалары, сұранысқа ие мамандық пен әскери білім берудің артықшылығы туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, институт қазір осы заманғы армияның технологиялық дамуын айқындайтын ең өзекті бағыт бойынша офицерлер даярлайды. Атап айтқанда, радиотехника, радиоэлектроника, автоматтандыру мен инфокоммуникациялық технологиялар, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен киберқорғаныс саласы бойынша маман даярлап шығарады.

«Қазақстанның қарулы күшінің алдағы 10–15 жылдағы келбеті бүгін қабылдап жатқан шешімге тәуелді. Ең алдымен, қандай офицерді даярлайтынымызға байланысты. Қазір әскери инженерлер армияның технологиялық басымдығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқарады», – дейді Ойрат Атыкенов.

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде институт еліміздің барлық өңірінде қызмет атқарып жүрген үш мыңнан астам офицерді даярлапты. Олар байланыс жүйесінің, радиолокацияның, әуе шабуылына қарсы қорғаныс пен ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр.

Білім беру процесінде замандық цифрлық технологиялар, мамандандырылған тренажерлер мен симуляциялық кешендер кеңінен қолданылады. Бұл курсанттарға оқу барысында-ақ қазіргі әскери техниканың қыр-сырын меңгеріп, дағдыланып шығуына мүмкіндік береді.

Институттың басты артықшылығының бірі – еліміздің жетекші азаматтық жоғары оқу орындарымен бірлесіп қолға алған қос дипломды білім беру бағдарламасы. Биыл «Әскери журналистика» мен «Әскери дирижерлік» мамандығына қабылдау басталды. Әскери журналистер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетімен бірлесіп даярланса, әскери дирижерлерді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірлескен бағдарлама бойынша оқытады. Төрт жылдық оқуын аяқтаған түлектерге алғашқы офицерлік «лейтенант» әскери атағы беріліп, әскери институт пен серіктес жоғары оқу орнының екі дипломы табысталады.

«Институттағы оқу толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Курсанттар тегін біліммен, жатақханамен, тамақпен, медициналық қызметпен, киім-кешекпен және ай сайынғы ақшалай қамтамасыз етумен қамтылады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге жұмысқа орналасып, әскери қызметін жалғастыруға кепілдік беріледі», – деп атап өтті спикер.

Құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында өтеді. Оқуға түсу үшін 2026 жылғы ҰБТ нәтижесі «Физика – Математика» мен «Информатика – Математика» бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қабылданады. Ең төменгі өту балы – 50. Сонымен қатар талапкерлер бір бейіндік пәннен кемінде 5 балл, қалған пәндердің әрқайсысынан кемінде 3 балл жинауы тиіс. Мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан немесе өткерген азаматтарға оқуға түсудің ерекше тәртібі қарастырылған.

Сөз соңында Ойрат Әтікенов әскери қызметке, инженерлік мамандықтар мен замандық технологияларға қызығушылық танытатын мектеп түлектерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтына оқуға түсуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери #әскери қызметкерлер #Әскерибөлім #оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың орындары жойылды

Бүгін 12:24

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институт 2026 жылға оқуға қабылдап жатыр

Бүгін 12:01

Ақтөбе облысында ер адам танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

Бүгін 11:32

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуінен бас тартты: жаңа әлем чемпионы анықталды

Бүгін 11:19

22 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);