AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-да республика бойынша орташа балл –73

ҰБТ-да республика бойынша орташа балл –73

Білім және ғылым 10.07.2023, 08:16 1,299
ҰБТ-да республика бойынша орташа балл –73
Сурет: интернеттен

ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өткен.


Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев негізгі ҰБТ-2023 қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол негізгі ҰБТ 5 шілдеде аяқталғанын атап өтті. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өткен. Әр бала екі рет тест тапсыру мүмкіндігіне ие болды.



"ҰБТ-ның орташа балы жеті балға өсті, биыл 73 балл болды. Бес адам ең жоғары көрсеткіш алды, бұл – 137 балл. Ал 120 балдан жоғары алған балалар саны – 2868", - деді Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Айтуынша, осы жылы негізгі ҰБТ-ны тапсыруға 166 мың талапкер екі мүмкіндікті қоса есептегенде 305 өтініш берген. Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83 пайызын құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 67 пайызды құраған.


Талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тест тапсырды.


Тестілеу бес пән бойынша өткізілді: үш міндетті және екі бейінді пән. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеу ұзақтылығы 4 сағатты құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #тест #Балл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);