ffin.kz

Уағыз бен уақыт

Уағыз бен уақыт Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені


Кібісе жыл деген не?



Бұл әр төрт жыл сайын келетін, ақпан 29 күнге толатын,  366 күннен тұратын жыл. Тәуліктің ширек бөлшегін әр жыл күнтізбесіне қосып айтуға да, есептеуге де ыңғайсыз болғандықтан, ширектің төрт жылда бір тәуліктік мезгіл құрайтыны есептеліп, төрттің алдыңғы 365 тәуліктен тұратын үш жылы – жай жыл, 366 тәуліктен тұратын соңғы жылы – Кібісе атанған.


Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 1991 жылдан бері Қазақстанда кібісе күні, яғни 29 ақпанда 5110 адам дүниеге келген.  Олардың 2707-сі – ер адамдар болса, 2403-і – әйелдер. 29 ақпанда дүниеге келген адамдар таңдаулы, ерекше қабілетті, талантты болады.


Уақыт ауысарда не істеу керек?



Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне қатысты ұсыныстарды жариялады. Бүгін түнде Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Көптеген пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады. Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады.


Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылды



Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан қазақстандық кәсіпорындардың сауда-экономикалық миссиясы аясында 28 миллион АҚШ долларына келісім жасалды. Отандық бизнес-делегацияны Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Іс-шараға 60-тан астам отандық компания өкілдері қатысты.


Өткен жылы Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы тауар айналымы 329 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорт 210 миллионнан астам, Әмірліктер біздің елге шамамен 119 миллион доллардың тауарын жөнелткен. Сауда-экономикалық әлеует жоғары, елдер сауда көлемін 1 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр. 2 күндік келіссөздер нәтижесінде тараптар 28 миллион 650 мың доллардың келісіміне қол қойды.


Өзбек әуежайындағы өзгерістер



Жаңа Самарқанд әуежайын басқаруды жеке серіктестікке беру жолаушылар ағынының төрт есеге артып, бір жылда миллион адамға жетуіне ықпал етті. Бұхара, Наманган, Үргеніш және Әндіжан әуежайлары жеке басқаруға беріліп, жаңартылады. Өнеркәсіп шығындарын 20%-ға қысқарту шараларын қабылдайды. Жанармай шығыны жоғары ескі ұшақтар сатылып, заманауи әрі үнемді ұшақтар әкелінетін болады. 72 бағыт бойынша оңтайлы ұшу бағытын таңдау арқылы жанармай шығыны айтарлықтай төмендейді. Пайдаланылмайтын және кіріс әкелмейтін активтер сатылымға шығарылады.


Риэлторларды бақылау керек!



Депутат риэлторларды бақылауға алуды талап етуде.  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевқа сауал жолдаған депутат Олжас Құспеков осы туралы айтты.



«Мәселе мынада, клиенттерді құлдыққа түсіретін шарттар, кейбір «ерекше шарттар» меншік иелерін өз мүлкіне билік ету құқығынан айырады. Қазақстандықтар «арбитраждық баптан» көп зардап шегеді. Бұл барлық жанжалдар тек арбитражда, яғни жеке сотта шешіледі деген сөз. Бірақ, судьялардан айырмашылығы, арбитрлер ешқандай жауапкершілік көтермейді және оларды сөз байласудан, сыбайластықтан, алдау мен алаяқтықтан ештеңе тоқтата алмайды. Арбитражда шешілетін барлық даулар риэлторлық компаниялардың пайдасына шешілді. Мемлекетте риэлторларды да, арбитраждық соттарды да бақылаудың ешқандай құралдары жоқ, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді», - деп түсіндірді депутат.



ҰҚК терроризмді насихаттаған азаматты ұстады



Шымкентте ҰҚК қызметкерлері радикалды идеологияны насихаттаушыны ұстады. Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 256-баптың осы бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.


Уағыз айтатын ауыз



Құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайтын болды. Уағызшылардың Астана өткен алғашқы форумында Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті.



«Мұндағы басты мақсат – елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу» дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.



Air Astana-ның кестесі өзгерді



Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Air Astana рейстер кестеcіне өзгерістер енгізді. Өзгерістер 1-31 наурыз аралығында Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай бағыттары бойынша жоспарланған бағыттарға қатысты. Рейстері өзгеріске ұшырайтын жолаушыларға өзгертілген ұшу уақыты туралы SMS-хабарламалар мен брондау кезінде қалдырған электрондық пошталарына хаттар жіберіледі.


Метроның кестесі өзгермейді



Сағат белдеуінің ауысуы кезінде Алматы метрополитені штаттық режимде, кестесі өзгеріссіз қызмет көрсетеді. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Алматы уақытымен сағ.00-10-ға дейін жұмыс жасап, ал 1 наурыз күні жаңа белдеу бойынша сағ. 06-20-да метро қайта іске қосылатын болады.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35