Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Түркі мемлекеттерінің ақпарат альянсы құрылды

Түркі мемлекеттерінің ақпарат альянсы құрылды

Саясат 09.11.2023, 08:19 1,494
Түркі мемлекеттерінің ақпарат альянсы құрылды
Сурет: Kazpravda.kz

Тиісті құжатқа бес елдің өкілдері Түркияда қол қойды.


Альянстың құрамына Қазақстаннан «Qazcontent», Түркиядан «Анадолы», Әзербайжаннан Azertac (Әзертаж), Қырғызстаннан KABAR, Өзбекстаннан UZA халықаралық ақпарат агенттіктері кіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұдан былай түркітілдес мемлекеттер арасында ақпарат алмасу, жалған жаңалықтарға қарсы бірлесе күресу және өзара тәжірибе алмасу жеңілдейді. Бұдан бөлек «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірлік және болашаққа көзқарас» тақырыбында өткен Түркі мемлекеттері ақпараттық агенттіктерінің медиа-форумында цифрлық құралдарды тиімді қолдану және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды.



«Бауырлас елдердің ақпарат агенттіктерінің қатысуымен өткен саммит осы салада бірлесіп не істеуге болатынын көрсететін бетбұрыстың бастауы деп үміттенеміз. Түркі ақпарат агенттіктері одағының құрылуы «Түркі әлемі 2040 стратегиясына» үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бүгінде коммуникация, медиа және ақпарат салаларында қуатты болу - таңдау емес, міндет», -  деді Түркия президенті жанындағы коммуникация басқармасының басшысы  Фахреттин Алтун. 




«Түркі елдері ұйымының мерейтойлы 10- шы саммиті өтті. Сол жерде мемлекет басшылары, Қазақстан президенті де ықпалдастықты байланысты күшейту жөнінде көп мәселелер айтылды. Бүгінгі мына альянс құрылып жатқаны сол мемлекет басшылары бастаған соның бірі айқын дәлелі деп есептеймін. Қолға алынып, іс жүзінде басталып жатқан шаруаның бір бөлігі», - дейді «Qazcontent» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркі мемлекеттері #ақпарат альянсы #қол қою
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика