AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркі әлемінің жастары Алматыда бас қосты: халықар...

Түркі әлемінің жастары Алматыда бас қосты: халықаралық форум жастардың әл-ауқаты мен тұрақтылығына арналды

Әлем Бүгін 09:50 51 yakiya
Түркі әлемінің жастары Алматыда бас қосты: халықаралық форум жастардың әл-ауқаты мен тұрақтылығына арналды
Алматы әкімдігі

«Kazakhstan–Turkey Psychosocial Support Project» халықаралық форумы Алматы қаласындағы Most IT Hub алаңында «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы 2025» жобасы аясында өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Бүгінде жастарды психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту, олардың психологиялық әл-ауқаты мен ішкі орнықтылығын нығайту мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан мен Түркияның осындай бірлескен жобалары үздік тәжірибелермен алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және жастарды қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Біз бұл бағыттағы халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделіміз», – деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров.

Форум барысында қатысушылар жастарды психоәлеуметтік қолдау, психологиялық әл-ауқат пен эмоциялық орнықтылықты нығайту, сондай-ақ төтенше және дағдарыс жағдайында көмек көрсетудің заманауи тәсілдері мәселесін талқылады. Жастардың ішкі тұрақтылығын қалпына келтіру тәжірибелеріне, төтенше жағдайларға ден қоюдағы еріктілік ұйымдардың рөліне, психикалық денсаулық пен жастардың әлеуметтік бейімделу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Форумның жеке бір бөлімі спорт психологиясына арналды. Қазақстан мен Түркия сарапшылары спортшылардың психологиялық тұрақтылығын дамыту, күйзеліске төзімділікті арттыру, мотивацияны сақтау, психикалық денсаулықты нығайту және жоғары жүктеме мен бәсекелестік жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізу жайын қарастырды.

«Алматыға сапарымыздың негізгі мақсаты – түркі елдері жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдени және білім беру салаларындағы тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту. Алматы – түркі әлемінің маңызды мәдени және жастар орталықтарының бірі. Сондықтан бұл сапар елдеріміздің жастары арасындағы достықты одан әрі нығайтуға қосымша мүмкіндік береді», – деп атап өтті Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінің министр кеңесшісі әрі Психоәлеуметтік қолдау департаментінің басшысы Элиф Гюнеш.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар жастарды психоәлеуметтік қолдау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және жастардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тиімді тәжірибелерді енгізудің маңызын атап өтті.

«Қазіргі таңда жастардың психоәлеуметтік әл-ауқаты мен психикалық денсаулығы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осындай халықаралық жобалар үздік тәжірибелермен алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және жастарды қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біз жастардың мүддесі үшін халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды одан әрі дамытамыз», – деді Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық қамту бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Ермұхаммед Сейітханұлы.

Алматы қаласы әкімдігінде халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайтуға, жастардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған осындай халықаралық бастамаларды іске асырудың маңызы ерекше атап өтілді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Алматыға «Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Жобаның жабылу салтанаты 14 маусым түркі елдерінің жастар делегацияларының қатысуымен өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркі әлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылды

Бүгін 11:12

Алматыда әлемге әйгілі Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуының премьерасы өтті

Бүгін 11:00

Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады

Бүгін 10:20

Жұма күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Алматыда әуежай құрылыс алаңындағы оқиғадан кейін тексеру жүргізіледі

Кеше 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);