AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Туристік маусым - 2026: Алматыдағы танымал демалыс...

Туристік маусым - 2026: Алматыдағы танымал демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Алматы Бүгін 14:37 40 yakiya
Туристік маусым - 2026: Алматыдағы танымал демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазғы маусымға дайындық барысында туристік нысандардың инфрақұрылымы тексеріліп, техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Алматыда тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Құтқару және жедел қызметтердің дайындығы да артты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Туризм басқармасының туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Даурен Ерғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, туристік нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік органдар, нысан әкімшіліктері және арнайы қызметтердің қатысуымен жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Дайындық барысында инженерлік жүйелердің жағдайы тексеріліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, аумақтардың санитарлық жай-күйі және нысандардың келушілерді қабылдауға дайындығы назарға алынған.

Шымбұлақ тау курортында жазғы маусым қарсаңында кешенді техникалық жұмыстар жүргізілді. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен аспалы жолдарға диагностика жасалып, жабдықтардың, стансалар мен тіректердің техникалық жағдайы тексерілді. Нәтижесінде барлық жүйенің жаз мезгілінде қауіпсіз пайдалануға дайын екені анықталды.

Сонымен қатар, курорт аумағында төтенше жағдайларға ден қою бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Құтқару қызметтері мен нысан қызметкерлерінің өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, туристерге жедел көмек көрсетуге арналған арнайы техника мен жабдықтар дайындалды.

Көк-Төбе демалыс аймағында жоспарлы профилактикалық жұмыстардан кейін аспалы жол қайта іске қосылды. Сондай-ақ, Fast Coaster аттракционы пайдалануға берілді. Нысан әкімшілігінің мәліметінше, барлық тексеру және дайындық жұмыстары толық аяқталған.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жаз бойы жалғасады. Осы кезеңде туристік нысандардың жағдайы тұрақты бақылауда болып, қауіпсіздік талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дайындау демалушылар үшін қолайлы жағдай жасауға және Алматыдағы ең көп баратын туристік орындарда қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы алматылық көрерменді тәнті етті

Бүгін 15:35

Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуге шақырды

Бүгін 15:09

Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек?

Бүгін 15:02

Алматыда Балаларды қорғау күні аясындағы іс-шаралар жалғасуда

Бүгін 14:25

Сахна сыртындағы құпия мен премьерадағы аншлаг: Cirque du Soleil-дің OVO шоуы Алматыдағы гастролін қалай бастады?

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);