Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады

Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

"Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", деп жазылған Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 2024 жылы 15 мамырда қарулы белгісіз біреу Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға бірнеше рет оқ атты. Саясаткердің үш жерінен оқ жарақатын алғаны, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқаны белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21