AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан См...

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Билік 17.07.2025, 12:34 703 Сұлу
Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.

Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн.

Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Тоқаев #смайылов #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);