Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.