конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Спорт Бүгін 19:24 35
Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Мемлекет басшысы "Болашақ ойындары - 2026" сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

"Ең алдымен, бәріңізге елордамыз - Астанаға шын жүрегіммен қош келдіңіздер деймін! Бүгін біз "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл - елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара.  Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл - зор мәртебе", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Қазақстанға және спортшыларға арнайы құттықтауын жолдағанын айтты.

"Ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі салтанатты рәсімге Тәжікстан президенті Эмомали Шарипович Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Нургожоевич Жапаров қатысып отыр. Бауырлас елдердің басшыларына және ресми делегация жетекшілеріне алғыс айтамын. Баршаңызға мәлім, "Болашақ ойындары" - Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы президент Владимир Путиннің арқасы деуге толық негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды. Бірінші дода Қазан қаласында өтіп, содан кейін Абу-Дабиде жалғасын тапты", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Астанаға 800-ге жуық спортшы келгенін мәлімдеді.

"Бүгін бәріміз Ұлы дала төсінде бас қосып отырмыз. Елордамызға 30-дан аса мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді.  Астанадағы "Болашақ ойындары" классикалық спорт пен кибериндустрияны тоғыстырған жаһандық фиджитал қозғалысқа тың серпін береді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

️Президент сөз соңында осы тамаша спорт мерекесін өткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.

"Ұйымдастырушыларға, серіктестерге, төрешілер мен бапкерлерге, тиісті мамандарға және еріктілерге алғыс айтамын. Бұл ойындар халықтарымыздың тамыры терең достығын бекемдейді, береке-бірлігін арттыра түседі деп сенемін. Спортшыларға сәттілік тілеймін! Біз сіздерден тартысты ойын күтеміз. Ендеше, "Болашақ ойындары - 2026" сайысын ашық деп жариялаймын!" - деді Мемлекет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Болашақ ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кедергісіз дауыс беру: Алматы барлық сайлаушылар үшін Құрылтай депутаттарын сайлауға қалай дайындалып жатыр

Бүгін 19:27

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Бүгін 17:23

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Бүгін 17:01

Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады

Бүгін 16:37

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);