AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Төле би мен Райымбек көшелері аралығында Үлкен Алм...

Төле би мен Райымбек көшелері аралығында Үлкен Алматы өзенінің жағалауы тазартылды

Таза Қазақстан 18.04.2026, 14:25 563
Төле би мен Райымбек көшелері аралығында Үлкен Алматы өзенінің жағалауы тазартылды
Алматы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, қалалық кеңістікті көріктендіру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Негізгі тазалық жұмыстары Әуезов ауданында, Үлкен Алматы өзенінің жағалауында – Төле би көшесінен Райымбек көшесіне дейінгі аралықта, сондай-ақ оған іргелес аумақтарда жүргізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов, аудан әкімі, әкімдік қызметкерлері, қалалық басқармалар өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің, мектептер мен емханалардың ұжымдары, сондай-ақ аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты. Жалпы сенбілікке 2500-ден астам адам жұмылдырылды.

Ауқымды жұмыс барысында 25 бірлік арнайы техника тартылып, 2500-ге жуық құрал-сайман пайдаланылды. 300 текше метр қоқыс шығарылып, өзен жағалауы мен оған жақын орналасқан қоғамдық кеңістіктер толықтай санитарлық тазартудан өтті.

Жоспарланған санитарлық тазарту, көріктендіру және көгалдандыру шаралары толық көлемде жүзеге асырылды.

Мұндай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қалалық ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және Алматының тазалығын жүйелі түрде сақтауға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 15:52

Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды

Бүгін 15:44

Алматыдағы Аймауытов көшесінде жаңа серуендеу аймағы көркейтілді

Бүгін 15:29

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Бүгін 15:15

Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақтың тойлы кеші» жобасы таныстырылады

Бүгін 14:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);