AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы екінш...

Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы екінші матчын өткізеді

Спорт 15.09.2022, 12:30 1,394
Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы екінші матчын өткізеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстандықтар бұған дейін Дэвис кубогында АҚШ командасымен ойнап көрген жоқ


Қазақстан құрамасы 15 қыркүйек күні Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесінде АҚШ командасымен күш сынасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл – қазақстандықтардың D тобындағы екінші матчы.


АҚШ құрамасы Ұлыбританиямен бірге Дэвис кубогы ойнатыла бастаған 1900 жылдан бері қатысып келеді. Жарыстың өзі АҚШ-тың алғашқы құрамасының ойыншысы Дуайт Дэвистің есімімен аталады. Америкалықтар Дэвис кубогын 32 мәрте жеңіп алған. Олар екінші орындағы аустралиялықтардан (28) оқ бойы озық тұр.


Қазақстандықтар бұған дейін Дэвис кубогында АҚШ командасымен ойнап көрген жоқ. АТР додаларында Александр Бублик америкалық Тэйлор Фритцпен төрт рет ойнап, соның үшеуінде басым түсті. Томми Полмен де төрт рет кездесіп, тек біреуінде ғана Бублик жеңген. Джек Сокпен есеп тең – 1:1.


Михаил Кукушкин Фритцпен үш бәсекесінде де қарсыласына жол берген. Сол секілді Т.Пол да екі рет Кукушкиннен айласын асырып кеткен.


Бірінші матчта Қазақстанның Нидерланд командасынан жеңіліп қалғаны белгілі. Сондықтан бүгінгі және 18 қыркүйек күні Ұлыбританиямен өтетін матчта тек жеңіс керек. Сонда ғана ширек финалға өте алады.


Қазақстан – АҚШ матчы елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Дэвис кубогы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдегі қазақстандықтарды есепке алу ережелері өзгерді

Бүгін 10:10

Алматы тауларында төрт турист адасып кеткен

Бүгін 09:52

Жаңа жолдардан цифрлық бағыттарға дейін: Президент Жолдауы аясында еліміздегі көлік жүйесі қалай өзгеруде

Бүгін 09:30

Бүгін еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жариялады

Бүгін 09:05

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);