Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Telegram арқылы есірткі сатқан

Telegram арқылы есірткі сатқан

Заң мен тəртіп 09.04.2024, 04:50 1,000
Telegram арқылы есірткі сатқан
Сурет: ҚР ІІМ

ІІМ есірткі таратуға қатысы бар қылмыстық топтарға тосқауыл қойды.


Алматы және Семей қалаларында каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында құрықталды.



Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған. Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан.



Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланды. Жалпы бір килограмнан астам гашиш тәркіленді. Орал қаласында тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан.


Олардан 540 грамм гашиш тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған.



Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойды, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген. Олардан пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді.



Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді. Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #телеграм #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Бүгін 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика