AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Telegram-арналар тіркеуден өтуге міндеттелмек

Telegram-арналар тіркеуден өтуге міндеттелмек

Заң мен тəртіп 23.04.2025, 14:39 614 dulatbekova
Telegram-арналар тіркеуден өтуге міндеттелмек
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі заңға өзгеріс енгізіп, тelegram-арналарды тіркеуден өтуге міндеттемек.

Ал, ресми тіркеуден өткен тelegram-арналар анонимді түрде жұмыс істей алмайды. Бұл туралы министр Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Қазір анонимді telegram-арналар өтіріктің, манипуляция мен провокацияның ордасына айналды, халықтың көңіл-күйіне әсер етіп, жалған ақпарат таратады. Бұған енді көз жұма қарап отыру мүмкін болмай кетті, сондықтан, министрлік оларды анықтап, бұғаттау үшін жұмыс істеп жатыр. Біздің позициямыз нақты – әдейі жалған ақпарат таратып, ақпарат айдынын тұрақсыз еткендерге жауапкершілікті күшейтеміз. Менің ойымша, анонимді жұмыс істеу тәсілі – провокаторлар үшін тиімді болмауы керек және ереже бәріне ортақ. Бұл бағытта жақсы нәтиже бар, мәселен, Qir sabyn арнасы. Менің ойымша, Telegram әкімшілігімен келіссөз бастайтын уақыт жетті», - дейді Балаева үкіметтегі брифингте.

Кейін кулуарда Azattyk Ryhy тілшісінің сұрағына жауап берген Балаева оларды анықтап, бұғаттау үшін нақты қандай шара қолданбақ екенін түсіндірді.

«Біз заң бойынша бүкіл Telegram-арналарды тіркеуден өтуге міндеттеп, сол каналда шығатын контент үшін бір адамды жауапты етеміз. Олар заң аясында жұмыс істеу керек. Анонимді арналардың жұмысы біздің ресми БАҚ-тарға әсер етіп отыр», - деді Балаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Telegram-арналар #тіркеуден өту #міндеттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);