AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Текеліде өрт сөндірушілер алты адамды аман алып қа...

Текеліде өрт сөндірушілер алты адамды аман алып қалды

Оқиға 07.09.2021, 15:20 997
Текеліде өрт сөндірушілер алты адамды аман алып қалды
Сурет: Inform.kz

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді.


Алматы облысының Текелі қаласында 4 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. ТЖД қызметкерлері бір мезгілде өртті сөндіре отырып, азаматтарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cілтеме жасап.



«6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 11 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт ғимараттың шатырына және көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Сағат 16.48-де 16 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілген (3-қабатта, екі бөлмелі пәтер ішінде жиһаз бен зат жанған). Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - делінген хабарламада.



Өрт туралы хабарлама Алматы облысының ТЖД-сына сағат 16.10-да келіп түскен.



«Жоғары дәрежелі шақырту бойынша Текелі, Талдықорған қалаларының және Қарабұлақ ауылының өрт сөндіру бөлімшелерінің жасақтары дереу жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына белгіленген нормативтік уақытта келді. Пәтердің терезесінен жалын байқалды, сондай-ақ барлау барысында тұрғындарды эвакуациялау жолдары қою түтін және ыстық болғаны анықталды. Өрт көрші пәтерлер мен ғимараттарға қауіп төндірді», делінген хабарламада.



Қазір өрт қалай шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді.


Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 11 қызметкері мен 4 техникасы, «Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, Қалалық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #құтқару #Текелі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Кеше 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Кеше 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Кеше 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Кеше 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Кеше 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);