Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Театрлар күзге дейін демалысқа кетті

Театрлар күзге дейін демалысқа кетті

Мәдени Алматы 01.08.2024, 10:45 1,073
Театрлар күзге дейін демалысқа кетті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 3000 спектакль сахналанып, 700 мың көрермен спектакльге барған

Театр артистері маусымды сәтті аяқтап, демалысқа шықты. Мәдени астанада өнерсүйер қауым үшін 3000-ға жуық спектакль сахналанған, оның 52-сі премьера. 

Алматыда драмалық, опералық және балеттік қойылымдарға 700 мыңнан астам көрермен келген. Бұл қала әкімдігіне, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты он мемлекеттік театрдың көрсеткіші.

Айта кетейік, Мемлекеттік қуыршақ театры 88-ші маусымында көрермендерге 1200 спектакль ұсынып, 82 мыңнан астам көрермен қабылдаған. Театр ұжымы Канада астанасында The First international Ottawa Puppet festival халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алып, маусымдыүлкен жеңіспен аяқтады. Айта кетейік, биыл әкімдік 10 жылда алғаш рет театр ғимаратын жаңғыртып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Келесі маусымда өнер ұжымы 90 жылдық мерейтоын атап өтеді.

Алматыдағы жас театрдың бірі – «Алатау» дәстүрлі өнер театры. Осы маусымда театр артистері көрермендерге 76 спектакль ұсынып, оны 53 200 адам көрген. Сонымен қатар, осы маусымда «Алатау» ДӨТ артистері Италия, Аустрия және Қытайда өнер көрсетті. 

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры осы маусымда ең көп көрермен жинады. Театр сахналаған қойылымдарды 130 мыңнан астам адам тамашалаған.

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры биыл премьераға бай болды. Театр өз 92-ші маусымында көрермендерге 13 жаңа қойылым ұсынған.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы 98-ші маусымда көрермендерге 199 спектакль ұсынған.

Жаңа театр маусымы дәстүрлі түрде қыркүйекте басталады. Сол уақытқа дейін артистер тың күш жинап, режиссерлер жаңа қойылымдар жоспарлайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спектакль #Көрермен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика