AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Театр актерлері Сайранда демалушыларды тазалыққа ү...

Театр актерлері Сайранда демалушыларды тазалыққа үндеді

Барлығы 21.06.2025, 11:41 635 Дина
Театр актерлері Сайранда демалушыларды тазалыққа үндеді
сурет: Алматы ақшамы

Алматыдағы Сайран көлінің жағасында өткен тазалық акциясы қоғамның түрлі өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Қала тазалығын сақтауға шыққан жандардың арасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актриса Лиза Серікова, актер Бақыт Тушаев сынды талантты өнер иелері қоршаған ортаның жай-күйіне бейжай қарауға болмайтынын айтып, жұртты тазалықты сақтауға үндеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

"Біз сахнада елге ой салуға тырысамыз. Бірақ бұл жолы шынайы өмірдің сахнасындамыз. Табиғат – бәрімізге ортақ. Сайран секілді сулы-нулы орындарды сақтап қалу – әр азаматтың міндеті", – деді актриса Лиза Серікова.

Ал театр және кино актері Бақыт Тушаев болса, тазалық мәдениеті ең алдымен отбасынан басталуы тиіс деген пікірде:

"Адамның мәдениеттілігі – оның қоқысты қайда тастағанынан-ақ көрінеді. Табиғатқа жанашырлықты тек сөзбен емес, нақты әрекетпен көрсетуіміз керек. Бұл – ұрпақ алдындағы жауапкершілік", – деді ол.

Актерлердің айтуынша, мұндай акциялар көпшілікке ой салып, табиғатты көздің қарашығындай сақтауға себеп болады. Көл жағасын тазалауға келгендер күні бойы арнайы сөмкелермен қоқыс жинап, Сайранға қайта көрік беруге атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);