AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алм...

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Таза Қазақстан 11.04.2026, 15:31 298 yakiya
«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі

Акцияға қаланың барлық ауданы белсене қатысты. Әр ауданда тазалық жұмыстары жүргізілетін негізгі нүктелер айқындалды. Сенбілікке әртүрлі жастағы тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері жұмылды.

Аудан әкімдіктері тазалық жұмыстарын ұйымдастырып қана қоймай, қатысушылар үшін жайлы әрі көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға да мән берді. Мәселен, Бостандық ауданында Халықаралық шаңғы трамплиндері аумағында өткен сенбілік барысында қонақтарды горилла және футболшы кейпіндегі әртістер қызықтырды.





— Біз мұндай іс-шаралардың бірде-бірін жібермейміз. Бала кезден тазалық пен тәртіптің айналамыз үшін өз жауапкершілігіміз екенін түсініп өстік. Әр адам өзі тұратын жерді аялауы тиіс, — деді аудан тұрғыны Галина Левченко. Ол сенбілікке аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы құрбылары Айшам Войнце мен Райхан Төлебаевамен бірге қатысты.


Сенбілікке еріктілер де белсене атсалысты.

— Біз мұндай экологиялық акцияларға үнемі қатысамыз. Біз үшін саналы мәдениетті дамыту маңызды. Бұл жастарды біріктіріп, қала тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін көрсетеді, — деді Newman еріктілер ұйымының өкілі Айзере Маратқызы.



Медеу ауданында тазалық жұмыстары екі аумақта — Терісбұлақ өзенінің батыс жағалауында (Оспанов көшесінен Жамақаев көшесіне дейін), сондай-ақ қала ішіндегі бір аумақта жүргізілді. Аудан әкімі Айдос Нұрлыбаевтың айтуынша, сенбілікке 400-ден астам адам қатысты.



Түрксіб ауданында негізгі алаңдардың бірі «Желтоқсан» саябағы болды. Мұнда шамамен 2000 адам тазалық жұмыстарына шықты. Қатысушылар қураған бұтақтар мен қоқысты жинап, серуендеу аймақтары мен жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді.


  Сенбілікке Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Рамазанов та қатысты. Ол акцияның экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын атап өтті:

— Әсіресе мұндай іс-шараларға жастардың белсенді қатысуы маңызды. Бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады, — деді ол.


Алатау ауданында жұмыстар бірден бірнеше жерде — «Қарағайлы» саябағында, сондай-ақ Шаңырақ, Теректі, Өжет, Айгерім шағынаудандарында және Үлкен Алматы каналы бойында жүргізілді. Жалпы алғанда, сенбілікке 5–6 мыңға жуық адам қатысты.

«Таза Қазақстан» бастамасына қала кәсіпорындары да белсенді түрде қосылуда. Атап айтқанда, Алматы көпір конструкциялары зауытының қызметкерлері сенбілік аясында сквер аумағын ретке келтіріп, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл көгалдандырудың ауа сапасын жақсартудағы маңызын көрсетеді.

-— Осындай бастамаларға қатысу — қаланың тазалығын сақтауға қосқан үлес. Біз мұндай іс-шараларды әрдайым қолдаймыз, — деді зауыт бас директорының орынбасары Асхат Тлеубердиев.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қала ортасына ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);