AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Таза Қазақстан": Алматыда жыл басынан бері 35 мың...

"Таза Қазақстан": Алматыда жыл басынан бері 35 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Барлығы 22.12.2025, 14:05 593 dulatbekova
"Таза Қазақстан": Алматыда жыл басынан бері 35 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Сурет: Polisia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Алматыда полиция Республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде жүйелі жүргізіп келеді.

Полиция қызметкерлері күн сайын абаттандыру қағидаларын, санитарлық нормаларды бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау деректерінің алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде. Жыл басынан бері 35 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

- "Таза Қазақстан" бағдарламасы бір реттік науқан емес, күнделікті әрі жүйелі жүргізілетін жұмыс. Басты мақсатымыз - құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту емес, азаматтардың қоршаған ортаға және қалалық кеңістікке деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Қаланың тазалығы мен тәртібі әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігінен басталады", - деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Қысқы кезеңде полиция қызметкерлері аудандық әкімдіктердің өкілдерімен, экологиялық қызметтермен және жұртшылықпен бірлесіп, заңды және жеке тұлғаларға іргелес аумақтарды қардан, мұздан және сүңгілерден уақытылы тазалау мәселесі бойынша күн сайын түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүргізуде.

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы полиция бөлімшелерінің жұмысы жалғасуда және Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында. Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын абаттандыру талаптарын сақтауға, мегаполисте тазалық пен тәртіпті бірге қамтамасыз етуге шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы #құқық бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);