AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық мәдениетті...

«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жалғасуда

Барлығы 12.07.2025, 18:15 835 dulatbekova
«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жалғасуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жалғасуда

Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін, 12 шілдеде қаланың барлық аудандарында кезекті сенбілік өтті. Бұл шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен жекеменшік ұйым өкілдері қатысты.


Кампанияның мақсаты — тек аумақтарды санитарлық тазарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту.

Түрксіб ауданында «Жас Қанат» және «Маяк» ықшамаудандарында бірқатар шаралар өткізілді: көшелер мен тротуарларды жуу, жасыл желектерді шабу, арық жүйесін тазалау, құрылыс қалдықтары мен басқа да қоқыстарды шығару жұмыстары ұйымдастырылды.
Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, экологиялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде: — Біз ауданды бірнеше аумаққа бөлдік. Әр апта сайын белгілі бір аумақта тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл — көбірек аумақты қамтуға әрі үнемі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар санитарлық тазалықпен қатар, қоғамның экологияға деген көзқарасын өзгертуге де ықпал етеді, — деді әкім.

Кейбір тұрғындар сенбілікке тұтас отбасымен келген. — Бұл — жақсы экологиялық дәстүр. Қоқысты тек сынап қана қоймай, қолға қолғап киіп, қалтамызға қап салып келіп, өзіміз тазартқан жөн. Мен мұндай шараға бірнеше рет қатыстым. Осындай сенбіліктерден кейін қаланы басқа көзбен қарайсың, — деді аудан тұрғыны Салтанат Бисекенова.

Түрксіб ауданындағы экологиялық акцияға шамамен 1000 адам мен 14 техника қатысып, 145 м³-тан астам қоқыс шығарылды.
Жетісу ауданында да 1000 адам мен 30 техника қатысып, 120 м³ қоқыс тазартылды.
Әуезов ауданындағы негізгі локация — Саин–Шаляпин–Момышұлы–Абай көшелерінің квадраты болды. Мұнда 700-ден астам адам мен 15 техника жұмылдырылып, 300 м³ қоқыс шығарылды.
Наурызбай ауданында 500-ге жуық қатысушы мен 15 техника 220 м³ қоқыс шығарды.
Алмалы ауданында 700-ден астам адам мен 25 техника қатысып, 260 м³ қоқыс тазартылды.


Бостандық ауданында сенбілік «Оңтүстік» саябағы мен Әл-Фараби даңғылы мен Санаторная көшесінің қиылысындағы бос аумақта өтті. Мұнда 870 адам, 7 техника жұмылдырылып, 230 м³ қоқыс шығарылды.
Алатау ауданында (750 адам, 25 техника, 260 м³ қоқыс) «Шаңырақ-1» ықшамауданында жергілікті сенбілік ұйымдастырылды.
Медеу ауданында (520 адам, 22 техника, 330 м³ қоқыс) негізгі аймақ Halyk Arena айналасы болды. Мұнда «Бөлек қоқыс» және «Екінші өмір» атты экологиялық акциялар өтті, интерактивті ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Оған Eco Network негізін қалаушы, танымал экоактивист Евгений Мухамеджанов қатысты.

Жалпы, Алматы қаласында өткен тазалық шараларына 6000-нан астам адам қатысып, олардың күшімен 1865 м³ қоқыс жиналып, шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);