Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / «Тәуелсіздік бейнелері»

«Тәуелсіздік бейнелері»

Көрме 20.06.2023, 04:03 2,145
«Тәуелсіздік бейнелері»

Қазақстан мен Орталық Азияға деген үлкен сүйіспеншілікке толы көрме


Алматыда орналасқан Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан алынған «Тәуелсіздік бейнелері» атты ғажап көрме ұсынды. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында Клара Исабаева экскурсия жүргізді.


Исабаевалардың коллекциясы ХХ ғасырдың 90-жылдары мен 2000 жылдардың басында қалыптасқан. Бұл – Тәуелсіз Қазақ мемлекеті мен Тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасу және құрылу кезеңі.


Көрмеге қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік суретшілер – Аркадий Горбатов, Нелли Бубэ, Бейсебек Ақанаев, Гүлжамал Тағенова, ГаБо апалы-сіңлілер, Андрей Назаренко, Александр Ермоленко және т.б. бейнелеген еліміздің байырғы бай тарихи және ғасырлар бойғы дәстүрлерін, ұлы керуен жолдарының жаңғырығын, заман байланысын, туған жерімізді және оның табиғатын жырлайтын, сыртқы әлемнің шекараларын паш ететін және оның ең қолжетпес сұлулығына таңдану мүмкіндігін сыйлайтын 40-тан астам туынды қойылған.


Шетелдік суретшілердің қатарында қырғыздың көрнекті суретшісі Жырғал Матураиымов, Сан-Францискодан келген суретші Карлос Кузма және гаитидің наив стилінде жұмыс істейтін Доминикан Республикасының суретшілері бар. Бұл кескіндеме және графикалық жұмыстар, сондай-ақ аралас рельефтік техникада орындалған картиналар.




Клара Исабаеваның бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жолында келе жатқанына 50 жылдан асқан. Өнердің өз өкілі алдымен маркалар, содан кейін кітаптар, кейін төлтума өнер туындыларын жинай бастаған. Жаһанның коллекцияға аса бай ең үздік музейлерін аралаған ол коллекция құру үшін бірегей әрі ерекше Қазақстан мен Орталық Азия өнерін таңдаған екен. Мәселен, Аркадий Горбатовтың «Отырар керамикасы» атты тарихи шығыс натюрморты Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық ең бай қаланың тұрмысын көз алдымызға әкеледі. Суретшінің өзі көптеген археологиялық экспедиция мен қазба жұмыстарына тікелей қатысқан. Шығармаларында көрініс тапқан қыш бұйымдардың барлығы қазіргі күні Астанадағы Ұлттық музейдің Орта ғасырлар бөлімінде көрмеге қойылған Отырардың тарихи құмыралары мен тостағандары көрінеді.



Ал Нелли Бубенің бұрынғы заманға сай стильде салынған «Даланың еркелері» атты топтық портреті киіз үйдің ішіндегі жастық шақтың бейқамдылық және қуаныш сезімін бейнелейді. Суретші қазақ қызының алуан түсті әлемін көптеген көмекші ұлттық элементтер арқылы – әйелдердің әшекей бұйымдарымен және ру таңбаларымен, ыдыс-аяқпен, яғни қазан, саптаяқ, үккіш, қоржынмен, сандықпен, көрпелермен және дастарханмен безендіре отырып шебер жеткізеді.



Бейсебек Ақанаевтың «Петроглифтер әуені» мен «Қымыз құятын ыдыстардың жиынтығы» атты натюрморты біздің т арихымыздың маңызды ке зеңдерін бейнелейді. Б.Ақанаев ежелгі петроглифтерді бейнелеу арқылы біздің жеріміз байырғы замандардан бері дарынды тұлғаларға бай екенін көрсетуге ұмтылған. Суреттің ортасында аты аңызға айналған музыкалық аспап – қобыз тұр. Оны жасаушы – бірнеше түркі халықтарының, яғни қазақтардың, түрікмендердің, әзербайжандардың, түріктердің бабасы, Сырдария даласынан шыққан X ғасырдың музыканты және сазгері Қорқыт ата. Ішектері жылқы жалынан жасалған аспаптың ерекше дыбысы бар, аңыз бойынша ол Қорқыт атаға келген өлімді де қорқытқан. Дала болмысының ең айқын көрінісі болып табылатын қобыз көптеген қасиетті мағыналарға ие – бұл көшпендінің жан-дүниесінің және қазақ музыкасының символы, виолончель мен скрипканың түп атасы, ата- бабаларымыздың өсиеті және біздің мәдениетіміздің ежелгі дәуірінің дәлелі. Бұл ғажап жұмысқа қарап, біз ғасырлар бойы бізге жеткен ата-бабаларымыздың әуендері мен олардың ғибрат сөздерін естігендей боламыз.



Ақанаевтың «Қымыз құятын ыдыстардың жиынтығы» атты натюрморты қазақтың ең жарқын және маңызды, өте ежелгі және бізге тәуелсіздікпен оралған Наурыз мерекесін бейнелейді. Суреттің қаныққан жасыл түсі – бұл түрлі-түсті дақтармен көмкерілген, гүлденіп, оянған даланың, көктемнің түсі. Жұмыс табиғат пен өмірдің жаңаруын білдіреді.


Клара Исабаеваның қызы – Дана Исабаева да коллекция жинауға ерекше жақын. «Өнер адамның ішкі әлемімен байланыстыра отырып, өмірді өзгертетін және эмоционалды әл-ауқатқа ықпал ететін күшке ие», – дейді Дана Исабаева.



Қазақстан мен Орталық Азияға деген үлкен сүйіспеншілікке толы көрме шілде айының 10-ына дейін жалғасады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #Қазақстан #Исабаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика