AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ташкентте төрт мемлекет «Тұран» меморандумына қол...

Ташкентте төрт мемлекет «Тұран» меморандумына қол қойды

Саясат 25.12.2023, 09:22 1,598
Ташкентте төрт мемлекет «Тұран» меморандумына қол қойды
Сурет: видеодан алынды

Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Грузияның сақтандыру саласындағы ортақ әлеуеті артты.


Ташкентте 4 мемлекеттің өкілдері бас қосып, «Тұран» меморандумына қол қойды. Құжат халықаралық қайта сақтандыру сыйымдылығын 45 млн долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Келер жылы бұл көрсеткішті 100 миллион долларға жеткізу ойда бар. Игі іске Орталық Азия мен Кавказ елдерінің жетекші компаниялары қосылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жалпы аталған дамушы нарықта арзан әрі сапалы сақтандыруға сұраныс өсіп келеді. Осы себепті қаржылық қызметті реттеуші мекемелер бұл істе бірігуді жөн деп тапқан. Ол үшін біркелкі баға саясатын енгізіп, көрсетілетін қызмет пен сапаны үйлестіреді.


Мамандардың айтуынша, Қазақстан компаниялары енді қымбат шетелдік сақтандыру полисін емес, тиімді шарт аясында отандық өнімге қол жеткізе алады. Меморандумға алдағы уақытта Түркия, Қырғызстан Тәжікстан және Түрікменстан қосылуға ниетті.


Қайсар Әбдір, сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы: - Егер жеке немесе заңды тұлға бизнесін халықаралық нарықта кеңейтуді ойласа, меморандумға қатысушы елдегі компанияның бірыңғай шарттарын қолдана алады. Бұл оған айтарлықтай пайда әкеледі. Егер орташа есеппен 25 мың доллардың жеке мүлкін сақтандыру қажет болса, бір жылдық төлем бар болғаны 25 доллардың шамасында болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұран #Меморандум #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);