Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрі...

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Билік 06.04.2026, 12:22 81
Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады
Қорғаныс министрлігі

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындап, жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, профилактикалық бағытты күшейту және лауазымды тұлғалардың әскери тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Сабақтар барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық күйзелістің алдын алу және дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Проблемалық аспектілер қарастырылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар әскерге шақырылғандармен, жас әскери қызметшілермен және динамикалық бақылау тобында тұрғандармен жұмыстың ерекшеліктері айқындалды

Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп – жауынгерлік әзірліктің негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағыт Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір командир мен лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі тәртіп үшін жеке жауапты. Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ және мүлтіксіз сақталуға тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.

Жиын аясында гарнизон бөлімшелері командирлерінің орынбасарларымен кеңес өткізіліп, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен және командалық құраммен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет өткеру жағдайлары, жауынгерлік және кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ жеке құрамды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың басым бағыттары айқындалып, оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, тәрбие жұмысын жауынгерлік даярлық жүйесіне ықпалдастыру, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру сұрақтары ерекше назарға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

"Бір айдан бері ауруханада". Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін 12:46

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика