Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет /  «Taboo» спектаклі  

 «Taboo» спектаклі  

Мәдениет 30.05.2023, 11:21 1,962
 «Taboo» спектаклі   

«OzgeEpic» өнер кеңістігінде «Taboo» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спектакльдің режиссері – Альбина Кулахмедова, пьеса авторы – Мия Алғожаева. Жас таланттар - Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының бітіруші түлектері.


    Замандас жастардың бір-бірінің тілін түсінгені көрініп тұр. Драматургиялық шығарманың өзі қақтығыстар мен күтпеген оқиғаларға толы. Оған қоса жазылуында да ерекшеліктер бар. Мысалы, бір кейіпкердің бірнеше бейнеде ойнауы. Осы секілді трактовкаларды Мия Алғожаеваның өзі дайын мәтінде берген. Соған сай режиссер автордың шешімдеріне еш қарсылықсыз мизансценалар құрған. Яғни спектакльде де пьесада келтірілгендей екі актер бой көрсетеді.


    Қасым рөлінде – Медет Батыржан, медбике рөлінде – Назерке Ұзақбек. Олардың өз кейіпкеріне деген сүйіспеншілікпен жұмыс жасағанын аңғарамыз. Бірден үш бейнені бойына сіңіру оңайға соқпайтыны белгілі. Дегенмен сахнагерлердің ойынынан Станиславскийдің «кейіпкер жандылығының» дәмін таттық.


    Егер спектакльдің қорытынды бөлігін (актерлердің балаға айналып кетіп, алдыңғы сахналардың барлығы ойын болып қалуы) есепке алмасақ, бұл туындыны тек актерлік ойын мен драматургия ғана құрып тұр десек болады. Алайда, Қасымның бала кезден юпиді жегені оның болашақта кесір іске баратынына сілтеме келтіруі. Медбикенің қайта-қайта қол сағатына қарап, өмір кеңістігіндегі уақыттың аздығын меңзеуі  секілді тағы да басқа режиссерлік шешімдерді жоққа шығаруға келмес.



    Негізгі тақырып есірткі болғанымен, шығармада бала тәрбиесі, отбасылық қиындықтар, өмірдің мәні сияқты мәселелер де көрініс табады. Басты кейіпкер Қасымның зиянды әрекетке баруы бала кезіндегі  материалдық жоқшылықтан, ата-ана тәрбиесінің кемшілігінен екені оны ақтап тұр.


   Бұл қойылымды студенттік жұмыс ретінде қараған қателік болар. Тапсырыспен қойылса да, туындының махаббатпен жасалғанын сеземіз. Өзінің ұтымды шешімін тапқан спектакльдің ғұмыры ұзақ болғай.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьера #спектакль #драматургия #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Кеше 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Кеше 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Кеше 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Кеше 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика