AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Табиғи монополияларды реттеу комитетінде коммуналд...

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде коммуналдық саланың өзекті мәселелері талқыланды

Экономика 02.09.2026, 11:33 241
Табиғи монополияларды реттеу комитетінде коммуналдық саланың өзекті мәселелері талқыланды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Алдағы жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті онлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қатысушыларға тарифтердің қалыптасуы, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері түсіндірілді.

Алдағы жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударылды. Мамандар жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, нысандардың дайындығын бақылау және жылу желілерін жаңарту туралы баяндады. Ұлттық жоба аясында шамамен 1,6 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін жаңғыртуға 1,3 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған.

Инфрақұрылымды жаңарту тақырыбы су бұру және сумен жабдықтау салаларында да жалғасын тапты. Қазіргі таңда желілердің орташа тозу деңгейі тиісінше 48% және 56%-ды құрайды. Ұлттық жобаны іске асыру мыңдаған шақырым желіні жаңартып, олардың тозуын төмендетуге және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Электр энергетикасы саласында түпкілікті бағаның құрылымы, жария тыңдауларды өткізу тәртібі және атаулы қолдау тетігі түсіндірілді. Комитет тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Жеке тақырып ретінде тауарлық газ бағасының қалыптасуы қаралды. Газдың бөлшек сауда бағасы көтерме бағадан, тасымалдау тарифінен және өткізу шығыстарынан тұрады. Осы үш құрамдастың барлығын мемлекет реттейді. Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін бағаның өсуін инфляцияның төменгі шегі деңгейінде шектейтін арнайы тетік қарастырылған.

Қоғамдық қабылдау қорытындысында тарифтік өтінімдердің заңнама талаптарына сәйкес қаралатыны, ал табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары негізділігі тұрғысынан тексерілетіні атап өтілді. Үдерістің ашықтығы жария тыңдаулар мен «Монополист» ақпараттық базасы арқылы қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);