AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Сын сардары, сөз сәруары

Сын сардары, сөз сәруары

Алматы Бүгін 16:39 73 Дина
Сын сардары, сөз сәруары
Дастан Қастай

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде публицист, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әмірхан Меңдекенің 70 жылдығына арналған «Әдеби сын дискурсының трансформациясы: цифрлық мәдениет және медиа тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғылыми жиынға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, баспагерлер мен дизайнерлер, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.

Конференцияда әдеби сынның қазіргі цифрлық мәдениеттегі орны, оқырман талғамының өзгеруі, пікір қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ әдеби сынның блог, подкаст, booktube және әлеуметтік желідегі жаңа формалары талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар Әмірхан Меңдекенің публицист, жазушы, сыншы және ұстаз ретіндегі шығармашылық болмысына кеңінен тоқталды.

Жиында «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, академик, ақын Бауыржан Жақып сөз сөйледі. Ол бұл басқосудың әдебиетіміздің кеңістігі мен көкжиегін бағамдауға, жаңа ойларға бастайтын маңызды алаң екенін айтты.

Сондай-ақ ақын конференция иесіне арнайы лебізін білдіріп: «Сіз бүгіннен бастап ұлт сыншысысыз. Құтты болсын!» – деп түйді.

Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Үркер» бағдарламасының жүргізушісі Жүсіпбек Қорғасбек те сөз алып, әдеби сынның бүгінгі қоғамдағы орны мен қаламгер мұрасын зерделеудің маңызына тоқталды.

«Шәкәрімді ақтау кезінде құжаттарын дайындаған азаматтардың бірі – Әмірхан Меңдеке», – деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Сонымен қатар ол Әмірхан Меңдекенің қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалармен де рухани байланыс орната білгенін атап өтті.

«Әмірхан аға Қабдеш Жұмаділовтің де, Мұхтар Мағауиннің де, Шерхан Мұртазаның да тілін тапқан азамат», – деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Сондай-ақ «Ана тілі», «Жас Алаш» газеттері мен «Балдырған» журналының бас редакторлары сөз алып, Әмірхан Меңдекенің публицистикалық шеберханасына тоқталды. Олар қаламгердің ой тереңдігі, тілдік қолтаңбасы мен қоғамдық мәселелерді көтерудегі батылдығын ерекше атап өтті.

Жиынға қатысқан ақын Ерлан Жүніс болса, Әмірхан Меңдекенің адами болмысы мен азаматтық келбетіне тоқталды.

«Әмірхан аға өз сындарында жеке басқа табынуды әшкерелейтіндей ой қалдырады. Ол қашанда қазақтықты қорғап жүреді», – деді ақын.

Жиын барысында сыншы Бағашар Тұрсынбайұлы Әмірхан Меңдеке шығармашылығындағы философиялық тереңдікке назар аударды.

«Әмірхан ағамыз жалғыздық ұғымын философиялық ойларға жүгіне отырып терең талдап жазады. Мұның бәрін “Меңдеке метрикасы” деп атауға болады», – деді Бағашар Тұрсынбайұлы.

Іс-шараның талқылау кезеңі журналистика факультетінің аудиторияларында жалғасты. Конференция аясында жасалған баяндамалар арнайы мақалалар жинағында жарияланады деп айтылды.

Әмірхан Меңдеке - әділ сөз бен әділ сынды кенен көңіл, кемел ойына азық етіп, әдеби сын практикасын жетілдіруге ұшан-теңіз үлес қосқан сын сайыпкері. Сыншы өз идеясының құнарын ұдайы ұлт санасы, ұлт мұратына бағыттап, ұлт биігіне шығарып отырады.

Дастан ҚАСТАЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);