Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: мемлекеттік тұрақтылық пен қоғамдық сенімнің негізі

  • 10:38, 08 желтоқсан 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: мемлекеттік тұрақтылық пен қоғамдық сенімнің негізі Сурет: Stan.kz

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін төмендететін, экономикалық өсімге кедергі келтіретін және азаматтардың билік институттарына деген сенімін әлсірететін әлеуметтік құбылыс.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері көп, оларға:

·        мемлекеттік бюджеттің тиімсіз жұмсалуы;

·        экономикалық бәсекелестіктің бұзылуы;

·        көлеңкелі экономиканың кеңеюі;

·        әлеуметтік теңсіздіктің артуы;

·        мемлекеттік шешімдердің әділдігіне күмәннің туындауы факторларын келтіруге болады.

Бұл факторлар қоғамның тұрақты дамуына кері әсер етіп қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетінің төмендеуіне де себеп болады.

         Осы факторларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ретінде жүйелі шаралар кешені қабылданған. Олардың қатарында:

1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негізін айқындайды.

2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі – құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша арнайы уәкілетті қызмет жүргізеді.

3) Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі – адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

4) Цифрландыру және ашықтық -«Электрондық үкімет» порталдары; онлайн мемлекеттік қызметтер; ашық бюджеттер; мемлекеттік сатып алулардың толық жариялылығы.

5) Алдын алу және ағарту жұмыстары - «Адалдық алаңдары», «Парасат жолы» жобалары, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы адалдық сабақтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

Аталаған шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған.

         Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені анық. Мемлекеттің әрбір азаматы:

-         заңсыз әрекеттер туралы ақпараттандыруға;

-         құқықтық мәдениетін арттыруға;

-         мемлекеттік қызмет көрсетудегі ашықтықты талап етуге;

-         жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын ұстануға міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін негізгі факторлардың бірі. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан жүйелі шаралар және қоғамның белсенді қатысуы ғана тиімді нәтижеге жеткізеді.

Әрбір азаматтың адалдықты өмірлік қағидат ретінде ұстануы — жемқорлықсыз қоғам құрудың басты алғышарты. Адалдық, әділдік және ашықтық — жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары.

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы К.Джубанышева

 

                              

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:17

11:05

10:49

10:39

10:38

10:29

10:13

10:01

09:46

09:39

09:22

09:15

08:53

08:34

08:23

17:41

17:16

16:36

15:22

14:19

12:10

11:03

10:05

17:18