Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Сүңгуірлер теңізге батып кеткен үш жігіттің де ден...

Сүңгуірлер теңізге батып кеткен үш жігіттің де денесін тапты

Оқиға 17.05.2022, 03:16 1,222
Сүңгуірлер теңізге батып кеткен үш жігіттің де денесін тапты
Cурет: ТЖД

Каспий теңізінің түбіне үш метр тереңдікке сүңгу жұмыстарын жүргізілді


16  мамырда Ақтауда Каспий теңізінде суға батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылды. Марқұмдардың бірі бір күн бұрын, 15 мамырда үйленген екен. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Lada.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған екі қарағандылық Ақтауға досының тойына  келген. 16 мамырда достар теңізге шомылуға шешім қабылдаған. Осылай үшеуі де суға батып кеткен.



«Суға түсуге шешім қабылдаған екі жігіт суға бата бастаған, ал екеуі оларды құтқаруға ұмтылған. Достарын құтқару үшін секіріп кеткендердің бірін оқиға куәгерлері алып шықты. Ол 26 жастағы Бейнеу қаласының тұрғыны. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне шығарылды», - деді Бекболат Әбдіқадыров.



Оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында ТЖД күштері жағалаудан 1,5-2 метр қашықтықта Каспий теңізінің түбіне үш метр тереңдікке сүңгу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызметінің тобы жұмыс істеп, суға батқан жастардың жақындарына көмек көрсетті.



«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құтқарушылар кәсіби және тиімді жұмыс істеді, аз уақыт ішінде суға батқан үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды», - деді Бекболат Әбдіқадыров.



Оқиға орнынан алкогольдік сусындар табылған.


Еске салайық, Каспий теңізінде шомылу кезінде төрт жігіт суға батып кеткен. Олардың бірін оқиға куәгері аман алып қалды, қалған үшеуі құтқарушылар келгенше суға батып кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #теңіз #оқыс оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика