Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Көрме 03.04.2026, 15:49 104
Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды
сурет: Самат Құсайынов

Алматыда суасты әлемінің тылсым тіршілігін танытатын ерекше фотокөрме көрерменге есігін ашты. Аталмыш көрме Қазақстанның маржан рифтері, су экожүйелері мен сирек кездесетін жануарларды қорғау тақырыбына арналып, теңіздегі жұмбақ тіршілік пен биоәртүрлілікті сақтаудың маңызын айшықтайды. Толығырақ тілшіміз материалда тарқатады.

Экспозиция халықаралық ғалымдар мен қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін біріктіріп, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтаудың қаншалықты осал екенін көркем әрі ғылыми тұрғыда жеткізеді.

Көрмені Canon компаниясы ҚР Зоология институты мен Гидробиология және экология институтының қолдауымен ұйымдастырған. Іс-шара сондай-ақ Canon компаниясы, британдық Coral Spawning International зертханасы және Сейшел аралдарындағы Nature Seychelles ұйымының бірлескен «World Unseen: Coral Matchmaking» халықаралық жобасы аясында өтіп жатыр.

Келушілер бұл көрме арқылы Үнді мұхитының маржан рифтерінен бастап, Қазақстанның су айдындарына дейінгі ғажайып әлемге саяхат жасайды. Фотосуреттер, ғылыми деректер және заманауи технологиялардың көмегімен су астындағы көзге көрінбес тіршілік «жанданып», әрбір адамға оны сезініп, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Экспозицияда зертханада өсірілген маржандардың фотосуреттері де ұсынылып, табиғатты қорғау ісінің жаңа бағыттарын таныстырады.

Қазақстан Республикасы Зоология институтының бас директоры Роман Ященко теңіздегі биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбы жағалауда орналасқан елдер үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан сияқты құрлық ішіндегі мемлекеттер үшін де аса маңызды екенін атап өтті.

«Себебі, мұхит жаһандық климаттық жағдайларды қалыптастырып қана қоймай, барлық құрлықтық экожүйелерге әсер етеді. Сейшель аралдары да, мұхиттар да бізден едәуір алыс орналасқан. Алайда, ондағы жануарлар дүниесін сақтау Қазақстан үшін де өте маңызды. Өйткені, Әлемдік мұхит еліміздегі климат пен табиғи тепе-теңдікке тікелей ықпал етеді. Бүгінгі көрмеде тек кораллдар  емес, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар да ұсынылған», – деді Роман Ященко.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан фаунасындағы шамамен 200-ге жуық жануар түріне әртүрлі деңгейде жойылып кету қаупі төніп тұр. Институт қызметкерлері Қазақстан жануарларының фаунистикалық алуантүрлілігін зерттеп, еліміздегі түрлік және экожүйелік әртүрлілікті сақтау бойынша түрлі шаралар ұсынуда.

Canon компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Марал Рахимжанова:

«Бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бірегей жоба. Қазақстанда теңіз жоқ болғандықтан, маржан рифтерін қалпына келтіру идеясы таңқаларлық болуы мүмкін. Бірақ табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты. Маржандармен өмір сүретін балдырлар фотосинтез арқылы оттегі бөледі. Біз әрбір екінші тынысымыз үшін мұхитқа тәуелдіміз», – дейді.

Айта кетейік, көрме 2 сәуірден бастап 2 маусымға дейін Алматыдағы «Forum» сауда орталығында өтеді. Кіру – тегін.

Гүлжанат Сембаева

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика