AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Студенттер Ресейден бөлек әлемнің 27 елінде білім...

Студенттер Ресейден бөлек әлемнің 27 елінде білім алу мүмкіндігіне ие - вице министр

Білім және ғылым 13.02.2022, 12:41 1,909 Almaty-akshamy
Студенттер Ресейден бөлек әлемнің 27 елінде білім алу мүмкіндігіне ие - вице министр
Cурет: Egemen.kz

Студенттер үшін РФ университеттері ЖОО таңдау кезінде қосымша балама саналады


Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанда Ресей университеттері филиалдарын ашуға қатысты айтылған сыни пікірлерге үн қатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы бұл мәселеге жан жақты тоқталды.


«Мен бұған дейін білім беру секторын жақсарту бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы серіктестіктің бірқатар негізгі қағидаттарын түсіндіріп өткенмін. Осыған байланысты көзқарасыммен бірқатар толықтыруларды жеткізгім келіп отыр:
Біріншіден, стратегиялық серіктестік, ең алдымен, екі тарап үшін де өзара тиімді ортақ мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізуге бағытталған. Өткен күндері Мемлекет басшысының жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация құрамында Мәскеуге барып қайттым. Сапар барысында ресейлік әріптестермен бірқатар маңызды келісімге қол жеткізіп, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум ҚР аумағындағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды, сондай-ақ, өз кезегінде Ресейде де қазақстандық ЖОО өкілдіктерін тең негізде ашуды көздейді, бұл екі тарап үшін де тепе-тең құқықтар мен ортақ жағдайларды туғызады.
Екіншіден, мемлекет тарапынан білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне сәйкес барлық стандарттар мен сапа деңгейі сақталады. Яғни, ҚР аумағында филиалдарды ашқан кезде ресейлік жоғары оқу орындары маман даярлау жөніндегі қазақстандық лицензиялау ережелерін ескере отырып, қос лицензиялау көзделетін болады. Бұл екі елдің өзара мүдделері ескерілетін екіжақты тиімді ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Үшіншіден, мен бұған дейін де инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, Қазақстандағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдар желісін кеңейту және Ресейде «Болашақ» бағдарламасы Centre for International Programmes - Bolashaq бойынша мамандар даярлау жоспарланғанын жазған едім. Алайда, бұл біздің студенттер әлемнің жетекші оқу орындарында оқи алмайды деген сөз емес. Қазақстандық студенттер ресейлік ЖОО қоса, әлемнің 27 елінің 200-ден астам университеттерінде үздік білім алу мүмкіндігіне ие. Яғни біздің студенттер үшін РФ университеттері ЖОО таңдау кезінде қосымша балама саналады», - дейді ол.


Жалпы өзекті мәселені жан-жақты зерделеген ол алдағы уақытта жастардың ресейлік университеттердің білім сапасы мен деңгейіне іс жүзінде өздері баға беретінін тіліне тиек еткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #жоо #Ресей #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);