ffin.kz

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет Сурет: Inform.kz

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қонның өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.





Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден 2-3 есе көбейгенін айтқан.


Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған.


Есепті кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған.


Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты. Мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты жасалған қылмыстар тіркелмеген.


Сонымен қатар ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.



«Қазіргі кезде Қазақстан азаматтарына шекарадан өтуде проблемалар жоқ», — деді ол.



Премьер-Министр жекелеген өткізу пункттерінде әлі де болса ұзын-сонар кезек барын айтты.



«Ресейдің шекара қызметімен өзара іс-қимылды күшейту керек, екі жақтан да адамдар жиналып қалмауы үшін бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет. Себебі, бұл бизнес пен халықтың орынды наразылығын тудырады», — деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.



«Бұл мигранттардың ағынына ғана қатысты емес, жалпы азаматтарымыз өз құқықтарын білуі керек. Egov немесе көп қолданылатын қосымшалар арқылы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсететін типтік жалға алу шартына цифрлық түрде қол қоюға болатындай етіп жасау қажет. Бұл екі жақтың да құқығын қорғауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.



Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көші-қон жағдайын реттеу бойынша кешенді және тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.



«Бірінші кезекте қазақстандық азаматтар үшін тұрақты «жасыл дәлізді», сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51